Интеллект дәуірі
Тренд

Алатау аспанын белгісіз ұшу аппараты торып жүр

Кешеден бері әлеуметтік желіде Алатау қаласының үстінен ұшып бара жатқан ерекше әуе аппаратының видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды tiek.kz.

Желі қолданушылары оны жаңа дрон, құқықбұзушылықтарды тіркейтін жүйе, тіпті аэротакси болуы мүмкін деп жатыр.  Тіптен әскери дрон ұшып жүр деп дүрліккендер де болған.

Тұрғындардың қызығушылығын тудырған ұшу аппаратына қатысты Алатау қаласының әкімдігі ресми түсініктеме берді. Әкімдік мәліметінше, видеода AutoFlight компаниясының eVTOL — тік ұшып-қона алатын электрлі жолаушылар аппараты көрсетілген.

«Сынақтар 2026 жылғы 19 мамырға жоспарланған Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы демонстрациялық ұшуға дайындық аясында өтіп жатыр», – деп мәлімдеді әкімдік.

Қала билігінің айтуынша, қазіргі таңда Алатауда пилоттық кезең жүргізіліп, мамандар жаңа буындағы жолаушылар әуе аппараттарының мүмкіндіктерін сынап жатыр. Сонымен қатар дрон арқылы жүк жеткізу жүйесі мен қалалық әуе қозғалысын цифрлық басқару платформасы (UATM) тексерілуде.

Жобаға Оңтүстік Корея, Италия және Қытай елдерінің халықаралық серіктестері қатысып жатыр. Ал демонстрациялық ұшуларды Alatau Advance Air Group компаниясы мемлекеттік органдармен бірлесіп ұйымдастырған.

Әкімдік барлық сынақтар қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, уәкілетті органдардың келісімімен өткізіліп жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, бұл жоба қалалық әуе мобильдігін дамыту (Urban Air Mobility) тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Бастаманың мақсаты — Алатауды жоғары технологиялық әрі инновациялық қалаға айналдыру. Жоба толықтай жеке инвестиция есебінен қаржыландырылуда.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Специально для КрисПи | Основа (@kris.p.original)

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button