Саясат
Тренд

«Атажұртқа қош келдіңіз!»: Тоқаев Түркия Президентін елордада салтанатты түрде қарсы алды

Мәртебелі мейманға қазақ және түрік тілдерінде «Атажұртқа қош келдіңіз!» (Ata yurda hoş geldiniz!) деп қошемет көрсетіп, бауырластық пейілдерін білдірді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Көшбасшысы Режеп Тайип Ердоғанды елорда төрінде ерекше құрметпен қарсы алды деп хабарлады Ақорда.

Түркияның ресми делегациясын екі елдің шағын жалаушаларын қолдарына ұстаған балалар ерекше ықыласпен күтіп алды. Олар мәртебелі мейманға қазақ және түрік тілдерінде «Атажұртқа қош келдіңіз!» (Ata yurda hoş geldiniz!) деп қошемет көрсетіп, бауырластық пейілдерін білдірді.

Салтанатты шара барысында  алаң үстінен Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік туларын желбіреткен тікұшақтар ұшып өтіп, екі елдің мызғымас достығы мен стратегиялық серіктестігін паш етті.

Алдағы уақытта қос тарап жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бағытталған бірқатар маңызды құжаттарға қол қояды деп күтілуде.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button