Қоғам
Тренд

«Қытайда жүр»: Ішкі істер министрлігі продюсерден зорлық көрдім деген актер туралы пікір білдірді

Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов продюсерден зорлық көрдім деген актердің даулы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды tiek.kz.

Санжар Әділовтің айтуынша, арызданушы қазіргі уақытта ел аумағында емес. «Кеше бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламасы бойынша біз де жедел әрекет еттік. Алматы қаласы бойынша Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Қазіргі уақытта арыз беруші Қазақстаннан тыс жерде, Қытай Халық Республикасында жүр. Ол елге оралған бойда барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілетін болады», — дейді Санжар Әділов.

Тергеу мәліметтері мен актердің шетелге кету себептері әзірге жарияланған жоқ. Құқық қорғау органдары осы мәлімдеме бойынша тергеу амалдарын және барлық фактілерді тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Бұған дейін Нұрғали Нұғман есімді жігіт бірнеше жыл бұрын «Балапан» телеарнасында жұмыс істеп жүргенінде продюсер тарапынан зорлық көргенін мәлімдеген еді. Алайда артынша актер «кешірім сұрап» тағы бір видео жариялады. Өз жазбасында ол Балапан коммерциялық жобасын «Балапан» арнасымен шатыстырып алғанын айтқан. Кейін «Балапан» телеарнасы әлеуметтік желідегі зорлық дауына қатысты мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде «Balapan» телеарнасының штатында ер адам «продюсер» қызметін атқармағаны айтылған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tiek ақпарат порталы (@tiek.kz)

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button