Мәдениет

«Бәрін соттатамын»: Желіде тағы бір танымал блогердің интим ВИДЕО-сы тарап жатыр

Танымал қазақстандық блогер Daricorn (Дариға Нұркеева) өзінің видеосын жасанды интеллектпен жасап таратқандардың сотқа беретінін айтып, көпшілікке үндеу жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Қазір «Дарикорн слив» деген видео тарап жатыр екен. Соған сеніп, сатып алып жатқан адамдар да бар көрінеді. Бұл толықтай фейк, жасанды (AI арқылы жасалған) видео. Қазір Жаңаарқадамын, ертең Алматыға шығамын. Осы видеоны жасап, таратып, сатып жатқан адамдардың бәрін соттатамын», — дейді ол.

Блогер халықты жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

«Егер ондай видео шын болса, бұлай сапасыз, бұлыңғыр болмайтын еді. Сапалы қылып сататын едім», — деп әзілдеді ол.

@daricorn.rrУ кого есть чеки отправляйте мне. Давайте все вместе их посадим

♬ оригинальный звук — DARICORN

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button