Қоғам
Тренд

«Моңғолиядан Арқалыққа келіп оқыған»: Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйел табылды

Торғай топырағында туып, шетел асқан Жәнібектің (Jani Saveliev) туған анасы болуы мүмкін азаматша туралы хат келді, деп жазады Alash.KZ сайты.
Хатта айтылған дерек Жәнібектің мәліметіне сай келеді. «Қазақ радиосына» келген хат мазмұны қысқаша былай: 
Жәнібектің анасы болуы мүмкін деген әйел 2002 жылдары Моңғолиядан Арқалыққа келіп оқыған. Оқып жүріп аяғы ауыр болып қалады. Ата-анасына айтудан қорыққан қыз перзентханаға барып босанып, қолхат жазып, баласынан бас тартқан. Бұл хатты жазып отырған әйел Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйел өзінің қайын әпкесі екенін жазған. 
Хат авторы Жәнібекті сол бала болуы мүмкін деген ойын айтыпты. Өйткені туған күндері сәйкес келеді. Оның үстіне, баласын іздеген әйелдің айтуынша, Жәнібек сол әйелге қатты ұқсайтын көрінеді. 
Хат соңында «Құрметті, қазақ радиосының ұжымы! Қайын әпкем ДНК тапсырып, Жәнібекке қатысы бар жоғын білгісі келеді» депті. 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button