Қоғам
Тренд

«Болашақ» дауы: Бақытжан Базарбек бюджет есебінен заңсыз оқып жатқандардың тізімін жариялауды талап етті

Бұған дейін Жоғары аудиторлық палата өкілі 340 үміткерге «Болашақ» стипендиясының талаптарына сай келмесе де грант берілгенін айтқан еді.

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде бюджет есебінен заңсыз оқып жатқандардың тізімін жариялауды талап етті.

Бақытжан Базарбектің сөзінше, 15 үміткер бойынша республикалық комиссияның шешімі жоқ, алайда олар шетелде білім алып жатыр. Сондай-ақ, депутат 151 стипендия жоспардан, шектен тыс 2 миллиард 519 миллион теңге сомасына тағайындалғанын мәлімдеді.

«15 үміткер бойынша республикалық комиссияның шешімі мүлдем жоқ, бірақ олар оқып жатыр. 151 стипендия жоспардан тыс, лимиттен асыра, 2 миллиард 519 миллион теңге сомасына тағайындалған. Кімдердің балалары, кімдердің туыстары шетелде «тегін» оқып жүр? Министрлік олардың аты-жөнін анық әрі ашық жариялауға тиіс», — деді депутат Үкімет сағатында.

Бұған дейін Үкімет сағатында Жоғары аудиторлық палата өкілі Тілеген Қаскин министрліктің 340 үміткерге «Болашақ» стипендиясының талаптарына сай келмесе де грант бергенін айтқан еді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button