Референдумды наурызда өткізу мүмкін бе? — ОСК (Видео)
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі президент жарлығынан кейін саяси науқанды қандай мерзімде өткізуге болатынын айтты
Президент референдум жариялаған жағдайда дауыс беру күні үш айға дейінгі аралықта белгіленуі тиіс. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник Tiek.kz тілшісінің сауалына жауап беру кезінде айтты.
Заңда қандай мерзім көрсетілген?
Журналист референдум жарияланғаннан кейін оның нақты қанша уақытта өтуі тиіс екенін сұрады.
Михаил Бортник:
«Заңда референдум жарияланған күннен бастап үш айға дейінгі мерзім көзделген».
Тілші нақтылау үшін, егер Президент референдумды, мысалы, ақпан айында жарияласа, дауыс беру қашан өтуі мүмкін екенін қайта сұрады.
Михаил Бортник:
«Ну, есептей беріңіз. Үш айға дейін дедім ғой. Яғни бір жарым айдан кейін де болуы мүмкін, бір айдан кейін де, үш айдан кейін де».
Журналист «бір айдың ішінде өткізуге бола ма?» деп нақтылағанда, ОСК өкілі қысқа жауап берді:
Михаил Бортник:
«Иә».
Бұл нені білдіреді?
ОСК өкілінің түсіндірмесіне сәйкес, референдумның нақты күні:
-
Президенттің шешіміне;
-
ұйымдастыру дайындығына;
-
ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының мерзіміне
байланысты белгіленеді. Бірақ заң бойынша ең ұзақ шек – үш ай.
Осылайша, референдум кемінде бір ай ішінде де, ең көп дегенде үш айға дейінгі кезеңде өтуі мүмкін.
Біз бұған дейін биылғы референдумға бюджеттен қанша қаржы жұмсалатыны туралы жазған болатынбыз.



