Референдум шығыны алдыңғысынан көбірек болады – Орталық сайлау комиссиясы (Видео)

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник бір палаталы парламент құру мәселесі бойынша алда жоспарланып отырған референдумға қатысты шығындар мен ұйымдастыру барысы туралы tiek.kz сауалдарына жауап берді

Қаржыландыру мәселесі
Бортниктің айтуынша, референдум өткізу күнін заң бойынша Мемлекет басшысы белгілейді. Алдын ала 2027 жыл шамамен көрсетілген. Егер нақты мерзім бекітілсе, тиісті қаражат бюджетке енгізіледі. Ал егер қысқа мерзімде өткізу қажет болса, үкіметтің резервінен қаржыландыру қарастырылады. Бұған дейін атом электр станциясын салу жөніндегі референдум да осылай қаржыландырылған еді.

Сұрақтар әлі белгісіз
Заңға сәйкес, референдумдағы сұрақтың тұжырымын Президент анықтайды. Ал, осындай ауқымды саяси науқанды өткізуге дайындық барысына келсек, ол жағынан да еш мәселе жоқ көрінеді. Қазіргі уақытта сайлау комиссиялары тұрақты жұмыс режимінде. Елде ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр, алдағы уақытта Семей қаласы бойынша сайлау өткізу жоспарланған. Сонымен қатар, референдумға дейін комиссия мүшелеріне қосымша оқу курстары мен аттестация ұйымдастырылады.

Шығын көлемі қанша болуы мүмкін?
ОСК мүшесі нақты соманы атамады. Ол тек инфляцияны ескеру керектігін атап өтті. Ал өткен референдумның шығыны шамамен 14 млрд теңгені құраған болатын.

«Бұл арзан шара емес. Біз өмір сүріп жатқан Логикаға сүйенсек, алдағы референдум шығыны да қымбатқа түсуі ықтимал», – деді Бортник.

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―