Қоғам
Тренд

Алматының кей аудандарында көп қабатты үй салуға тыйым салынады

Алматы мәслихаты қаланың бас жоспарына енгізілген өзгерістерді бекітті. Құжат бұған дейін мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алған tiek.kz.

Бас жоспарға сәйкес, Әл-Фараби даңғылынан жоғары аумақта, су қорғау және сейсмикалық қауіпті аймақтарда көпқабатты құрылысқа шектеу қойылады.

Әуежай маңындағы аумақтарда, жер асты суы көтерілген және тектоникалық жарықтар орналасқан жерлерде де көпқабатты үйлер салуға жол берілмейді.

Сонымен қатар қаланың бес полицентрін дамыту аясында жеке тұрғын үйлер мен ескі үйлер орналасқан бірқатар аумақта тұрғын кварталдарын жаңарту жоспарланған.

Нақты жобалар 2030-2040 жылдары әзірленеді. Бас жоспар бойынша 2040 жылға қарай Алматы халқы 3,6 млн адамға жетеді. Қалада метро, LRT және SkyTrain бағыттарын біріктіретін бірыңғай көлік жүйесін дамыту көзделген.

Сондай-ақ қаланың солтүстік, орталық және батыс бөліктеріндегі 276 өндіріс орнын қала сыртына шығару жоспарланған. Құжатта жаңа тұрғын аудандармен бірге мектеп, балабақша, медициналық және спорт нысандары, инженерлік желілер мен қоғамдық кеңістіктерді дамыту қажеттігі де көрсетілген.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button