Оқиға
Тренд

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда таңертең жер сілкінді. Тұрғындардың ұялы телефондарына жерасты дүмпуі туралы ескерту хабарламасы келген. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісі сағат 9:38-де тіркелген.

Оның ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 8 шақырым жерде орналасқан.

Дүмпу 3 балға дейін сезілді.

Алдын ала есеп бойынша Қаскелең қаласы мен Боралдай ауылында дүмпу 2-3 балға дейін, Өтеген батыр ауылында 2 балл деңгейінде сезілген.

Жер сілкінісінің нақты сезілу күші қазір анықталып жатыр. Жер сілкінісі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 8 км қашықтықта болған.

Бұған дейін ел аумағында таңғы сағат 06:32-де сейсмикалық оқиға тіркелгені хабарланған еді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button