Жаңа ішкі және халықаралық әуе рейстері ашылады

2025 жылы Қазақстанда бірнеше ішкі және халықаралық әуе рейстері ашылады. Ол үшін жаңа ұшақтар да сатып алыныпты.

— Биыл 22 жаңа әуе бағыты ашылды, келесі жылы тағы 10 әуе қатынасын ашу жоспарда бар. Халықаралық әуе тасымалының қатарында Будапешт, Мюнхен және Рим бар. Сонымен қатар келер жылы қосымша 18 ұшақ сатып алу жоспарланып отыр, ал биыл 10 ұшақ сатып алынды, — деді Көлік министрінің орынбасары Мақсат Қалиақпаров. 

Сондай-ақ, вице-министр ішкі әуе рейстеріне тоқталды. 

— Ішкі әуе рейстерін көбіне туристік бағыттар бойынша ашуды және субсидиялауды жоспарлап отырмыз. Өтінімді жергілікті әкімдік беруі керек. Қаржыландыру көзін анықталған соң, жаңа рейстер ашылады, жалпы ішкі және халықаралық әуе рейстерін ашу бойынша кедергі жоқ, мәселе қаржыға келіп тіреледі, — дейді ол.

Өзге де материалдар ―