Стоматологиялық орталықтардың қызметіне 250-ге жуық шағым түскен. Сапасыз стоматологиялық қызмет көрсететін қалалар көшін Павлодар облысы, Астана және Алматы қалалары бастап тұр. Бұл туралы Kazinform сайты Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап жариялады.
Белгілі болғандай стоматологиялық қызметтердің сапасына тұрғындардан жиі шағым түседі екен.
— Биылғы 11 айда Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне және оның аумақтық департаменттеріне 244 өтініш келіп түсті. Өтініштердің ең көп үлесі Павлодар облысы, Астана және Алматы қалаларына тиесілі, — деп жазылған министрлік мәліметінде.
Ведомствоның мәліметі бойынша тіс дәрігерлерінің қателігінен болған өлім-жітім мен мүгедектік жағдайы тіркелмеген.
— Осы кезеңде (2024 жылдың басынан бері – ред.) стоматологиялық қызмет көрсетуден кейін мүгедектік және өлім-жітім, сондай-ақ, стоматологияның медициналық қызметіне лицензиядан айыру фактілері тіркелмеген, — деп жазылған жауапта.