Жегенім жездемдікі ме?

Қазақстан аграрлық ел бола тұра әлі өз-өзімізді толық азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ете алмай отырмыз. Бұған Премьер-Министрдің орынбасары С.Жұманғариннің ҚР Парламенті Сенатындағы баяндамасы дәлел.

Белгілі болғандай, елімізде 27,1 млн. га егістік және 183,2 млн. га жайылымды қоса алғанда барлығы 219 млн га ауыл шаруашылығы жері бар. Жыл сайын елімізде 18 млн тоннадан астам астық өндіріліп, оның 7 млн тоннадан астамы өзге елдерге сатылады.

Сондай-ақ 3,5 млн тоннадан астам сүт пен 1 млн тоннаға жуық ет өндіріледі.  Ет, сүт, жұмыртқа, көкөніс, ұн – бұлардың барлығы ішкі нарық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемде өндіріледі. Тек…

«Алайда бірқатар тауар бойынша импортқа тәуелділік сақталып отыр, олар құс еті – 73%, шұжық өнімдері – 60%, балық – 54%, ірімшік және сүзбе – 57%, қант – 42%», — деді Серік Жұманғарин.

Тілге тиек етсек, бұл мәселені шешу жолын осымен Үкіметтің екінші құрамы айналысып жатыр.

Өзге де материалдар ―