Заң үстемдігі
Тренд

Данияр Елеусіновтің не үшін қамауға алынғаны белгілі болды

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамауға алынды.

Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке қатысты әкімшілік іс бойынша шешім шығарды.

Сот мәліметінше, боксшы алкогольдік масаң күйде көлік тізгіндеп, қатарынан үш жол-көлік оқиғасын жасаған. Алдымен жерасты автотұрағының қақпа тіреуіне соғылған, кейін бір автокөлікпен соқтығысқан. Одан кейін тағы бір көлікке соғылып, соның салдарынан ол көлік үшінші автокөлікті қағып кеткен.

Наркологиялық сараптама Елеусіновтің масаң болғанын растады. Сотта ол өз кінәсін толық мойындаған.

Сот қаулысымен Данияр Елеусінов 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button