Қоғам

Блогердің өлімі: Smart Beauty клиникасы мәлімдеме жасады

Алматыдағы Smart Beauty пластикалық хирургия клиникасы блогер әрі кәсіпкер Сәуле Ермаханованың өлімінен кейін ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды tiek.kz.

Клиника ұжымы марқұмның туыстарына көңіл айтып, қазір заңда қарастырылған тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Медициналық мекеме дәрігерлік құпия мен тергеу мүддесіне байланысты оқиғаның мән-жайын әзірге жарияламайтынын мәлімдеді.

«Дәрігерлік құпияны сақтау қажеттілігіне, марқұмның отбасына құрмет көрсетуге, сондай-ақ жүргізіліп жатқан тексеру шараларының объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында клиника ресми рәсімдер аяқталғанға дейін болған жағдайдың мән-жайы мен медициналық деректеріне қатысты жария түрде пікір білдіруді орынсыз деп санайды.

БАҚ өкілдерінен, әлеуметтік желі қолданушыларынан және жұртшылықтан марқұмның рухына және оның жақындарының сезіміне құрметпен қарап, расталмаған ақпарат пен түрлі жорамалдарды таратудан аулақ болуды сұраймыз», — делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ клиника қазіргі уақытта жаңа пациенттерді қабылдамайтынын хабарлады. Алайда мекеме өздерінің қазіргі пациенттеріне «қажетті медициналық көмекті көрсетуге» дайын екенін атап өткен.

Сонымен қатар қоғамды расталмаған ақпарат пен болжам таратпауға шақырды.

Сәуле Ермаханова 15 мамыр күні Smart Beauty Clinic клиникасына жоспарлы ота жасатуға барған. Дәрігерлер операция 1-1,5 сағатқа ғана созылады деп айтқан. Алайда туыстары бірнеше сағат бойы ешқандай ақпарат ала алмаған.

«Бір сағат өтті. Артынша екі, үш сағат өтті. Бізге ештеңе айтпады. Анамыздың қайтыс болғанын тек кешкі алты шамасында естідік», – деп жазды ол. Айтуынша, жедел жәрдем тым кеш шақыртылған. «Жедел жәрдем тек кешкі жетіде келген. Үш сағат бойы анам жабық есіктің ар жағында жалғыз жатқан. Біз не болғанын білмедік», – деген еді марқұмның қызы.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button