Қоғам

Orda.kz басылымы жабылатын болды

Orda.kz сайты жабылып жатыр. Бұл туралы Orda.kz сайтының негізін қалаушы Мақсат Ғаниев хабарлады.

Айтуынша, алты жылдық инвестициядан кейін жоба әлі де шығынға ұшыраған. Жарнамадан түскен кіріс шығындарды әрең жапқан.

“Orda.kz әділ, әртүрлі «сұр ақша» схемалары мен «теріс блоктарсыз»,  жарнама келісімшарттары арқылы табыс таба алады. Бірақ ол әрең шығынды жаппақ. Ұзақ мерзімді инвестицияларды қайтара алмайды. Мен БАҚ-ты саяси ойындар, жалған жаңалықтар немесе бопсалау үшін пайдаланғым келмейді. Бұл менің жеке мақсаттарыма сәйкес келмейді”, – деді Мақсат Ғаниев.

Сондай-ақ ол қабылданған шешімнің ешқандай астары жоқ екенін атап өткен.

«Редакция табатын қаражат оның жұмысын қамтамасыз етуге жетпейді. Қазіргі жағдайға алып келген басқа себеп жоқ», — делінген Ғаниевтің мәлімдемесінде.

Еске салсақ, бұған дейін «Орда» сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкенова 8 жылға сотталған еді. Алайда баласының болуына байланысты жазасы 2 жылға кейінге қалдырылды. Сонымен қатар оған 5 жыл бойы журналистика, блог жүргізу, бұқаралық ақпарат құралдары, жария іс-шаралар және өзге де қоғамдық қызметпен айналысуға тыйым салынды.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button