Қоғам

Қазақстандық оқушылар халықаралық инженерлік ғылымдар мен технологиялар фестивалінде топ жарды

22-28 наурыз аралығында I-FEST интеллектуалдық сайысы өтті. Оны Тунистің ғылым мен технологияның болашағы үшін қауымдастығы (ATAST) ұйымдастырды. Байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 14 пен 24 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар шақырылды, деп хабарлайды .kz.

Ғылыми байқауға Қазақстан атынан Алматы қаласының үш оқушысы, Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы-Дарыны» дарынды балаларға арналған орталығының оқушылары — Әдия Құттығалиева, Томирис Бақытжан және Айша Ерден қатысты.

Фестиваль қорытындысы бойынша Әдия Құттығалиева «ТикТок клиптік ойлау жүйесінің жасөспірімдерге кері әсері» жобасымен «Мультимедиа» номинациясы бойынша алтын медаль жеңіп алды және оның жобасы I-FEST байқауының ТОП 10 жобасы қатарына енді.

«Бизнес және әлеуметтік ғылымдар» номинациясы бойынша «Қаржылық пирамидалар және олардың алдын алу жолдары» жобасымен Томирис Бақытжан мен Айша Ерден үшінші орынға ие болып, қола медальмен марапатталды.

ATAST-тың Қазақстан Республикасындағы серіктесі – ғылымды насихаттау және қазақстандық оқушыларды халықаралық ғылыми жарыстарға қатысуға ілгерілету мақсаты – «Халықаралық ғылыми ынтымақтастық орталығы» (ICSC) коммерциялық емес ұйымы екенін атап өткен жөн.

Бұл қазақстандық мектеп оқушыларының Солтүстік Африкада өткен жарысқа алғаш рет қатысуы және бұл жеңіс атақты ғылымды танымал етуші, ICSC жетекшісі, PhD докторы Ләззат Құсайыновамен бірнеше айлық дайындықтан өтті.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button