Оқиға

Алланың сынағы: Лос-Анджелесте қазақ боксшысының өртеніп кетті (ВИДЕО)

Лос-Анджелесте қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеевтің үйі өртенді деген ақпарат тарады.

Оқиға туралы Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшесі Instagram парақшасында хабарлады.

Видеодан ғимараттың бір бөлігін өрт шарпығанын, ал өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтауға тырысып жатқанын көруге болады. Спортшының айтуынша, өрт күндіз, отбасы ауызашарға шығуға дайындалып жатқан кезде болған.

«Көріп тұрғандарыңыздай, біздің үйіміз өртеніп кетті. Қасиетті Рамазан айында Алланың бізге жіберген кішкентай сынағы. Бұл үйде біз көптеген досты, чемпиондар мен батырларды қарсы алуды жоспарлаған едік. Сағат шамамен төрттер шамасы еді. Ержан ағамыз бізді ауызашарға шақырған болатын. Біз ауызашарға шығуға дайындалып жатқанда үйдің ішінен күйік иісін сездім. Балалардан және үйдегілерден “Ештеңе жанып жатқан жоқ па, тамақ күйіп кеткен жоқ па?” деп сұрадым. Олар “Жоқ, бәрі дұрыс” деді», – деп жазған спортшы.

«Біз балаларды тез арада сыртқа шығардық. Олардың ішінде күтушіміз де болды, бәрін далаға алып шықтық. Бір кезде бір баланың жоқ екенін байқадым, ал Алдияр жоқ. Ол екінші қабатта екен. Біз айқайлап, ақыры Алдиярды да сыртқа алып шықтық», – деді спортшы.

Әшкеев өрттен кейін көмек көрсеткен өрт сөндірушілер мен достарына алғыс айтты.

«Құдайға шүкір, бәріміз аманбыз, балалар да сау, біз де жақсы күйдеміз. Бірақ үйдің жартысы жанып кетті. Өрт сөндірушілерге, жедел жәрдем қызметіне көп рахмет. Олар тез келіп, өртті сөндіріп, бәрін ретке келтірді. Бізге алаңдап, хабарласқан достарымызға да алғыс айтамын. Америкадағы достарымыз көмек ұсынып, өз үйлерін ұсынды. Қазір біз уақытша достарымыздың үйінде тұрып жатырмыз», – деді боксшы Мадияр Әшкеев.

Спортшының айтуынша, өрт салдарынан үйдің бір бөлігі қатты зақымданған. Алайда отбасы мүшелерінің ешқайсысы зардап шекпеген.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Madiyar Ashkeyev (@madiyar.ashkeyev.official)

Басқа жаңалықтар

Back to top button