Сайлау - 2026
Тренд

«Қазақстанның вице-президенті кім болатыны алдағы 10 күн ішінде белгілі болады»: Мемлекет басшысы өз таңдауын жасады

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді.

Президент өз  таңдауын Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып жасаған.

Дауыс бергеннен кейін Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізді

«Шын мәнінде, бүгін – еліміз үшін тарихи күн. Тұңғыш рет бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізіп отырмыз. Бұл – маңызды тарихи оқиға. Біз біртұтас ел болып, ауқымды реформалар жүргізіп жатырмыз. Мұны бәріңіз білесіздер, куә болып отырсыздар. Ойдағыдай нәтижелерге қол жеткіздік. Дегенмен алдымызда тұрған жұмыс ауқымды, мақсатымыз маңызды деп айтуға болады. Бүгінгі сайлау – осы жұмыстың бастауы ғана», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның вице-президенті кім болатыны алдағы 10 күн ішінде белгілі болатынын мәлімдеді. Мемлекет басшысы бұл қызметке елге танымал адам тағайындалатынын айтты.
«Қазір айта алмаймын, бірақ сіздер жақсы білетін адам болады деп ойлаймын», – деді Президент
Астанадағы сайлау учаскесінде журналистерге берген брифингте.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button