Алматыда сайлау көтеріңкі көңіл күйде өтіп жатыр: №359 учаскеде би флешмобы ұйымдастырылды

№19 жалпы білім беретін мектепте орналасқан №359 сайлау учаскесінде азаматтық жауапкершілікпен қатар мерекелік көңіл күй де сезіледі.
Учаскеге келген тұрғындарға «Артхаус Продакшн» актерлік мектебінің жастары би флешмобын ұсынды. Жас өнерпаздардың өнері сайлаушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, дауыс беру күнінің шырайын аша түсті.
Флешмобқа қатысушылардың пікірінше, таңдау жасау — азаматтың құқығы ғана емес, ұстанымын білдіріп, түрлі пікірге құлақ асып, саналы шешім қабылдауға берілген мүмкіндік. Пікір алуандығы, азаматтардың белсенділігі және сайлау науқанының әділ өтуі — демократиялық сайлаудың маңызды қағидаттары.
Бүгін №359 сайлау учаскесінде әуен ойнап, жүзден күлкі байқалады. Ең бастысы, әр сайлаушының дауысы естіледі.
«Артхаус Продакшн» мектебінің жас өнерпаздары өнерімен сайлауға қатысу жауапкершілік қана емес, ерекше әсер сыйлайтын маңызды оқиға екенін көрсетті.



