Әлем

Украина енді Ozon логистикалық кешендерін талқандауға көшті

Бұған дейін осындай шабуылдар Wildberries қоймаларына жасалған еді. Reuters мәліметінше, 18 шілдеден бері Ресейдің әртүрлі өңірлеріндегі компанияның кемінде 24 логистикалық нысанына дрондар шабуылдаған.

Украина дрондары Ресейдің Самара облысындағы Ozon логистикалық кешеніне шабуыл жасады. Қоймада өрт шығып, нысанның жұмысы белгісіз мерзімге тоқтатылды. Ресейлік БАҚ пен Reuters мәліметінше, төрт адам зардап шеккен.

Самара облысының губернаторы Вячеслав Федорищевтің айтуынша, өңірге жаппай дрон шабуылы жасалған. Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері бірнеше ондаған дронды атып түсіріп, жолын бөгеген.

Ozon компаниясы кешеннен 500-ден астам қызметкер бірнеше минуттың ішінде эвакуацияланғанын хабарлады.

“Барлық жүйе штаттық режимде жұмыс істеді. 500-ден астам қызметкерді бірнеше минут ішінде эвакуацияладық. Өкінішке қарай, зардап шеккендер бар”, – деп мәлімдеді компания.

Үш адам жеңіл жарақат алған. Тағы бір адам эвакуация кезінде екінші қабаттың терезесінен секіріп, ауыр жарақат алған.

Бұл ақпаратты Украина президенті Владимир Зеленский де растады.

Логистикалық кешеннің жұмысы уақытша тоқтатылды. Нысанда болған тауарлар сайттан жасырылды, кейбір тапсырыстардың күші жойылып, ақшасы қайтарылады. Сатушылардың бұл нысанға тауар жеткізуі де уақытша тоқтатылды.

Чапаевск қаласындағы Ozon логистикалық кешенінің аумағы шамамен 135 мың шаршы метр. Ол Еділ бойындағы маркетплейстің ең ірі нысандарының бірі саналады.

Бұған дейін осындай шабуылдар Wildberries қоймаларына жасалған еді. Reuters мәліметінше, 18 шілдеден бері Ресейдің әртүрлі өңірлеріндегі компанияның кемінде 24 логистикалық нысанына дрондар шабуылдаған.

Stan.kz

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button