Сайлау - 2026

Сайлаушылардың 17,96 пайызы дауыс беріп үлгерді

Елімізде өтіп жатқан Құрылтай депутаттарының сайлауында сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 2 млн-нан астам қазақстандық дауыс берген.

Ел тұрғындарының саяси белсенділігі өте жоғары болып жатыр. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Құрылтай депутаттарын сайлауға тіркелген сайлаушылардың 17,96%-ы дауыс беріп үлгерді. Яғни  2 млн-нан астамадам өз таңдауын жасап үлгерген.

Ең жоғары белсенділік Қызылорда облысында тіркелді – 22,91%.

Ал ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында – 9,96%.

1. Астана қаласы бойынша – 17,01%.
2. Абай облысы бойынша – 17,35%.
3. Ақмола облысы бойынша – 18,91%.
4. Ақтөбе облысы бойынша – 20,28%.
5. Алматы облысы бойынша – 17,19%.
6. Атырау облысы бойынша – 18,75%.
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 17,97%.
8. Жамбыл облысы бойынша – 18,25%.
9. Жетісу облысы бойынша – 20,87%.
10. Қарағанды облысы бойынша – 21,06%.
11. Қостанай облысы бойынша – 17,92%.
12. Қызылорда облысы бойынша – 22,91%.
13. Маңғыстау облысы бойынша – 16,92%.
14. Павлодар облысы бойынша – 15,98%.
15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 17,52%.
16. Түркістан облысы бойынша – 20,39%.
17. Ұлытау облысы бойынша – 19,41%.
18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 19,93%.
19. Алматы қаласы бойынша – 9,96%.
20. Шымкент қаласы бойынша – 20,39%.

Ел бойынша дауыс беру барлық сайлау учаскелерінде жалғасып жатыр.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button