Денсаулық

4 миллионнан астам ауыл тұрғыны заманауи медициналық көмекке қол жеткізді

2019 жылдан бері Қазақстанда 1 263 денсаулық сақтау нысаны салынды. Ең ірі жобалардың қатарында Астанадағы 200 төрын орындық Ұлттық ғылыми онкология орталығы және Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығы, Алматыдағы 350 төрын орындық Ұлттық ғылыми инфекциялық аурулар орталығы, сондай-ақ өңірлердегі жаңа ауруханалар мен емханалар бар.

Медициналық инфрақұрылымды дамыту бір мезгілде бірнеше міндетті шешуге мүмкіндік береді: денсаулық сақтау жүйесінің қуатын арттыру, халықтың мамандандырылған және жоғары технологиялық көмекке қолжетімділігін кеңейту, заманауи диагностика мен емдеу әдістерін енгізу және медицина мамандары үшін жаңа жұмыс жағдайларын жасау.

Бүгінгі таңда елімізде жалпы құны 108 миллиард теңгені құрайтын 51 денсаулық сақтау нысаны қатар салынып жатыр. Атап айтқанда, Қызылорда мен Өскемен қалаларында 300 төрын орындық көпсалалы ауруханалардың құрылысы жалғасуда. Жаңа емханалар Атырау облысының Өркен және Нұрсая ықшамаудандарында, Солтүстік Қазақстан облысының Бескөл ауылында және Талдықорғанда бой көтеруде.

Медициналық нысандарды салу және жаңғырту жұмыстарымен қатар, оларды кадрлармен қамтамасыз ету және өңірлерге мамандарды тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2023–2025 жылдары және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында ауылдық медициналық ұйымдарға 1 735 маман, оның ішінде 722 дәрігер және 1 013 орта буын медицина қызметкері жұмысқа орналасты. Осы кезеңде жаңғыртылып жатқан 32 аудандық ауруханаға тағы 624 дәрігер мен орта буынның 642 маманы келді. Осылайша, ауылдық денсаулық сақтауды кадрмен қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық жобаның іс-шаралары 100 пайызға орындалды.

Ауылдық денсаулық сақтау ісіне ерекше назар аударылып, мұнда бір мезгілде алғашқы көмек дамытылып, аудандық ауруханалар күшейтілуде.

2025 жылдың соңына қарай «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жоспарланған барлық 655 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысанының құрылысы аяқталды. Соның арқасында 1 миллионнан астам ауыл тұрғыны тікелей тұрғылықты жері бойынша медициналық көмекке жүгінуге мүмкіндік алды. Жаңа нысандар телемедицина және физиотерапия кабинеттерімен, дәріхана пункттерімен, емдік дене шынықтыру залдарымен және басқа да қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған.

Сонымен қатар 32 аудандық аурухана жаңғыртылуда, оның 12-сі толығымен жаңартылды. Жөндеу және реконструкциялау жұмыстарынан бөлек, ауруханалар компьютерлік томографтар мен ангиографиялық кешендерді қоса алғанда, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілуде.

Бұл әсіресе алғашқы сағаттарда көмек көрсету қажет болатын инфаркт пен инсульт кезінде өте маңызды. Жаңа жабдықтар пациенттерді облыстық ауруханаларға тасымалдау қажеттілігін азайтып, диагностиканы тікелей аудан орталықтарында жүргізуге және емдеуді бастауға мүмкіндік береді.

Жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін 4 миллионнан астам ауыл тұрғыны аудан деңгейінде мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмекке қол жеткізеді. Мамандардың бағалауы бойынша, жобаны іске асыру жүрек-қан тамырлары аурулары мен инсульттен болатын өлім-жітімді шамамен 20 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді.

Медициналық нысандарды салу және жаңғырту жұмыстарымен қатар өңірлерге мамандарды тарту шаралары да қатар жүргізілуде. 2023–2025 жылдары және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында ауылдық медициналық ұйымдарға 1 735 маман, оның ішінде 722 дәрігер және 1 013 орта буын медицина қызметкері жұмысқа тұрды. Осы кезеңде жаңартылған 32 аудандық ауруханаға тағы 624 дәрігер мен орта буынның 642 маманы келді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button