Сайлау - 2026

Сайлау науқаны басталғалы ОСК-ға 203 өтініш келіп түсті

Орталық сайлау комиссиясының бүгінгіотырысында азаматтар мен заңдытұлғалардың өтініштерін қарау және сайлаузаңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікмәселелері бойынша комиссия мүшесі ӘселЖанәбілова ақпарат берді.

Оның айтуынша, өтініштермен жұмысҚазақстан Республикасының «ҚазақстанРеспубликасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына және ҚазақстанРеспубликасының Әкімшілік рәсімдік-процестіккодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

ҚР Құрылтайының депутаттарын сайлаутағайындалған сәттен бастап Орталық сайлаукомиссиясына 203 өтініш келіп түскен, оныңішінде 129 өтініш сайлау заңнамасынтүсіндіруге, 62 өтініш сайлау процесінұйымдастыру мәселелеріне байланысты.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесіәрбір өтініштің уақытылы қаралуы және оғанжан-жақты жауап берілуі қамтамасыз етілетінінатап өтті. ОСК-ға аумақтық сайлаукомиссияларының шешімдері мен әрекеттерінеқатысты шағымдар түспеген.

«Әрбір өтініш белгіленген тәртіппенқаралып, азаматтарға заңнама талаптарынескере отырып, нақты түсіндірмелерберіледі. Бұл ретте сайлау заңнамасынбұзғаны үшін жауапкершілік көзделгенінтүсіну маңызды. Біздің ортақ міндетімізсайлау науқанының барлық кезеңдеріндезаңдылықтың сақталуын қамтамасыз етужәне азаматтардың сайлау құқықтарынқорғау»,деп атап өтті Әсел Жанәбілова.

Атап айтқанда, ОСК мүшесі сайлаукомиссияларының жұмысына араласқаны, дауыс беру құпиясын бұзғаны, азаматтардыңеркін ерік білдіруіне кедергі келтіргені, сондай-ақ басқа адамдар үшін дауыс беру мақсатындаазаматтарға сайлау бюллетеньдерін бергеніүшін жауапкершілік көзделгенін еске салды. Сонымен қатар сайлау комиссияларымүшелерінің, саяси партиялардың сенімбілдірілген өкілдерінің, бұқаралық ақпаратқұралдары өкілдері мен байқаушылардыңзаңды қызметіне кедергі келтіргені үшін де жауапкершілік қарастырылған.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button