
2026 жылғы 20 шілдесі күні Павлодардағы сүт фермасында кәріз құдығына түскен алты жұмысшы түгел қаза тапты. Олар өз ісіне адал, қарапайым жандар еді. Электр сорғысындағы ақауды жөндеуге түсіп қайта шықпады. Көмірқышқыл газынан уланып, аман қалған бір ғана жұмысшы ауруханаға жеткізілді. Ең өкініштісі бұл жағдай біздің елде үнемі қайталанып келе жатыр. Демек еңбек қауіпсіздігі мәселесінде әлде бір олқылық бар дегенді білдіреді. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия бұл жағдайға еш төзбеу қажет деп санайды.
Байқасақ елімізде осыған ұқсас қайғылы жағдайлар жиі қайталанады екен. Мысалы, Қарағанды, Жезқазған, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында қайғылы оқиғалар тіркелген. Құзырлы орындардың есебінше, Қазақстанда жыл сайын техникалық және кәріз құдықтарда ондаған адам көз жұмады. Негізгі себеп – жұмысшылардың құдыққа желдетусіз, газды анықтайтын құралдарсыз, арнайы қорғаныс жабдықтарынсыз және қауіпсіздік талаптарын сақталмай жіберілуі. Метан мен көмірқышқыл газыплғашқы сәтте-ақ адам өміріне қауіп төндіреді.
Осы мәселеге байланысты ЖСДП Астана қалалық филиалы дөңгелек үстел өткізіп, құзырлы орындарға нақты ұсыныстар да берген болатын. Партия еңбек инспекторларының тексеру талаптарына міндетті қорғаныс құралдарын енгізуді, жабық жағдайда жұмыс істеудің бірыңғай қауіпсіздік стандарттарын бекітуді, жұмыс басталардан бұрын құдықтарды міндетті түрде желдету мен газ құрамын тексеруді заң жүзінде бекітуді ұсынады. Сонымен қатар еңбек инспекциясының өкілеттігін күшейтіп, тұрақты тексерулер жүргізу және басшылар мен жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі бойынша міндетті оқытудан өтуін қамтамасыз ету қажет деп санайды.
Осындай әрбір қайғылы жағдайдың алдын алуға болады. Сондықтан еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейту және мемлекеттік бақылауды тиімді жүргізу ғана адам өмірін сақтауға мүмкіндік береді.
ЖСДП еңбек адамының құқығын қорғау мен олардың өмір сапасын арттыру мәселесінде біршама келелі мәселелерді көтеріп, Үкіметке де тиісті ұсыныстар беріп келеді. Алдағы уақытта да осы жұмысын белсенді жүргізуге бекінген. Бұл туралы партияның сайлау алды бағдарламасында да нақты басымдықтар негізінде анық көрсетіліп отыр.
Таңдаймыз! Бақылаймыз! Талап етеміз!
Тапсырыс беруші: ЖСДП төрағасы А. Н. Рахимжанов. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.



