Сайлау - 2026
Тренд

Экономикалық өсім кім үшін? Асхат Рахымжановтың теледебатта ЖСДП-ның саяси ұстанымын дәлелдеді

19 тамызда 24KZ телеарнасының тікелей эфирінде өткен жеті партия төрағасының қорытынды дебаты көзі қарақты жұртты түгел экран алдына отырғызғаны белгілі. Айтылған ойлар да, келтірілген дәлелдер де,  бастамашыл тұжырымдар да барынша айқын болды.

Соңғы қорытынды дебат сайлауалды бағдарламалардың айырмашылығын ғана емес, Қазақстанның экономикалық дамуына қатысты әртүрлі саяси философияларды да айқын көрсетті. Төрт раундтан тұрған пікірталастың өзегіэкономикалық өсімнің азаматтардың әл-ауқатына қалай әсер ететіні туралы тұжырымдар ерек көрінді деуге болады.

Осы тұрғыдан алғанда ЖСДП төрағасы Асхат Рахымжановтың позициясы ерекше көзге түсті. Ол экономиканың өсуін адамның тұрмысын жақсартудың құралы ретінде қарастыруды алға тартты. Бұл ұстаным ЖСДП-ның «Прогресс жолындағы 20 белес» сайлауалды бағдарламасымен тікелей сабақтасып жатыр. Бағдарлама төрт ірі бағытқа құрылған: әділетті мемлекет, адам игілігіне қызмет ететін экономика, өмір сапасын арттыру және цифрлық дәуірдің сын-қатерлеріне бейімделу. Партия құжатты қысқамерзімді сайлау уәделерінің жиынтығы емес, ұзақ мерзімді реформалар жоспары ретінде сипаттайды.

«Өсім бар, бірақ оны халық сезіне ме?»

Асхат Рахымжановтың дебаттағы негізгі саяси тезисін осы бір сұраққа сыйғызуға болады.

ЖСДП бағдарламасының «адам игілігінеқызмет ететін экономика» деген тұжырымы дәлосы логикаға негізделген. Партия білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғауға жұмсалатын қаражатты қарапайым бюджет шығыны емес, адам капиталына салынатын инвестиция ретінде қарастыруды ұсынады. Сонымен бірге табиғи ресурстардан түсетін табысты әділ бөлу, отандық өндірісті қолдау және ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін көтереді.

 Бұл жерде ЖСДП-ның социал-демократиялық табиғаты анық байқалады. Партия экономиканың өзі жұмыс істеуімен қатар, оның нәтижесін қоғам арасында бөлудің әділетті болуын талап етеді.

Бағдарламадағы маңызды бағыттың біріэкономиканы демонополияландыру және олигархиялық құрылымдардың ықпалын шектеу. Партия адал бәсекелестік ортасын қалыптастыруды, мемлекеттік сатып алудың ашықтығын, бюджеттің жариялылығын және қоғамдық бақылауды күшейтуді ұсынады.

Бұл тұста Рахымжановтың экономикалық көзқарасының маңызды қыры ашылады. ЖСДП үшін әлеуметтік әділеттілік тек «бюджеттен көбірек ақша бөлу» емес. Оның екінші жағыэкономикалық рентаның қалай қалыптасатыны және кімнің қолына түсетіні.

Егер нарықта бәсеке әлсіз болса, монополиялық құрылымдар жоғары пайда табады. Егер табиғи ресурстардан түсетін кіріс қоғамға жеткілікті деңгейде қайтпаса, халық экономикалық өсімнің толық игілігін сезінбейді. Сондықтан ЖСДП ұсынып отырған демонополиялау идеясы әлеуметтік саясатпен тікелей байланысты. Рахымжановтың дебаттағы «адам тек жұмыс істеп қана қоймай, еңбегіне лайықты табыс алуы керек»,- деген ұстанымы да осы жүйеге кіреді.

Дебаттың алғашқы раундында Рахымжанов басқа партиялардың көшбасшылары құсап экономиканы қалай өсіру керек деген сұрақтан көрі, экономикалық өсімнің нәтижесі кімге тиесілі болуы керек деген сұрақты алға шығарды. Бұл ЖСДП-ның социал-демократиялық көзқарасын нақты көрсетіп отыр. Партияның сайлауалды бағдарламасында да экономиканың адамға қызмет етуі, әлеуметтік кепілдіктердің күшеюі, еңбекке әділ ақы, демонополизация және әлеуметтік салаларға инвестиция жасау мәселелері бір ретпен жүйеленген.

Екінші раундында Baytaq партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Асхат Рахымжановқа қарапайым халық пен шағын және орта бизнеске түсетін жүктемені арттыратын шешімдерді қолдауына қатысты сұрақ қойды. Сұрағының басында Азаматхан мырза ЖСДП-ның ұстанымын ерекше жоғары бағалап өткенін көз көрді. Бір жағынан бұл додаға түсіп жатқан бір ғана опозициялық партияны еріксіз мойындау  болды деп түсінді көпшілік.

Сырттай қарағанда бұл салық мәселесі сияқты көрінуі мүмкін. Шын мәнінде, сұрақ одан әлдеқайда терең болуы керек еді. Бірақ Baytaq басшысы сауалды одан да терең кетуге батпағандай болды. Дегенмен саясаттың айдынында еркін жүзетін Асхат сауалға еш тосылмай жауап бергені шын. Өйткені ЖСДП бағдарламасындағы әлеуметтік міндеттемелер ауқымды өте үлкен. Сауалға жауап бергенг Асхат Рахымжанов экологиялық мәселелерге ерекше тоқталып, бизнестің қоршаған ортаға тигізетін әсері үшін жауапкершілігін күшейту қажет екенін айтты.

«Экология қоғамдық-саяси партиялар үшінөте маңызды. Неліктен? Өйткені экология қандай да бір нақты кәсіпорынның немесебизнестің қарамағында бола алмайды. Бизнес ауаны, топырақты қалай ластап жатқанына және басқа да мәселелерге ешқашан жауап бермейді. Біз бұл мәселелерді жүз реттен артық көтеріп жүрміз және көтере беретін боламыз. Біз экология саласы бойынша да өткен 3 жылда өте көп ұсыныстар бердік», – деді Асхат Рахымжанов.

Осылайша, ЖСДП төрағасы экологиялық талаптар мен қоршаған ортаны қорғау мәселесінде бизнестің жауапкершілігін арттыруқажеттігін алға тартты. Шындығында біздің қоғамда бизнес экология саласына аса бас ауырта бермейтінін байқау қиын емес.

Жалпы алғанда ЖСДП басшысы аталмыш дебатта өзін еркін ұстағаны елге мәлім. Өйткені саясаттың жілігін шағып майын ішіп жүрген тұлғаның дебатта тосылуы мүкін емес. Оның үстіне Асхан Нұрмағамбетұлы ЖСДП-ның алғашқы құрылған кезінен бергі соқпағымен тоқтаусыз жүріп келе жатқан азамат болғаннан соң оның бұл тұста тосылуы партияға сын болар еді.

Дебаттарда көтерілген негізгі мәселелердің дені ЖСДП үгіт-насихат науқаны кезінде толық қамтылды. Ұйымдастырылған барлық шараларда дерлік еңбек, жалақы жәнеәлеуметтік кепілдіктер мәселесін көтерді.

19 тамыздағы дебатта Асхат Рахымжановтың саяси позициясы ЖСДП-ның сайлауалды бағдарламасынан бөлек тұрған жоқ. Керісінше, дебат оның бағдарламасының негізгі философиясын қысқа әрі саяси тілменкөрсетуге мүмкіндік берді.

ЖСДП-ның басты сұрағы: «Қазақстан экономикасы қанша өседіемес, «сол экономикалық өсім Қазақстан азаматтарының игілігіне қаншалықты жұмыс жасайды?»,-деген сауалдың үдерісінде болды.

Партияның күшті тұсы да сол, әлеуметтікпроблемаларды экономикалық құрылымменбайланыстыруында.        

Сондықтан ЖСДП-ның «Прогресс жолындағы 20 белес» бағдарламасы елдің экономикасына бейімделген қоғам негізінде ұдайы өркендеу. Оның ішінде экономиканы демонополиялау, мемлекеттік басқарудың ашықтығы, адам капиталына инвестиция және табиғи ресурстардан түсетін табысты әділ бөлу сияқты жүйелік ұсыныстар бар. Бір сөзден айтқанда 19 тамызда өткен теледебат ЖСДП-ның оң жамбасына келді деуге толық негіз болды.

Тапсырыс беруші:

ЖСДП төрағасы А. Н. Рахимжанов.

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы»

Республикалық қоғамдық бірлестігінің сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button