Қоғам
Қазы мен шұжыққа арнайы халықаралық стандарт беріледі

Қазы, шұжық және жылқы етінен жасалатын басқа да ұлттық өнімдерге халықаралық стандарт енгізуді ұсынды.
Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, қазіргі кезде мұндай өнімдерге ортақ халықаралық талап жоқ.
Әр елде өнімнің атауы, құрамы, таңбалануы мен сапасына қойылатын талап әртүрлі. Бұл қазақстандық өнімдерді шетелге шығаруға қиындық туғызуы мүмкін.
Сондықтан Қазақстан қазы, шұжық, жал, жая және жылқы етінен жасалған басқа да өнімдерге арналған ISO стандартын әзірлеуді ұсынып отыр. Егер стандарт қабылданса, өнімнің сапасы мен талаптары халықаралық деңгейде бірізденеді.
Бұл ұлттық өнімдерді шетел нарығына шығаруды жеңілдетіп, қазақстандық қазы мен шұжықтың экспорттық мүмкіндігін арттыруға жол ашуы мүмкін.



