Ердоғанның Пәкістан және Сауд Арабиясымен бірлесіп құрып жатқан әскери одағы Тұран идеясына кері әсер етпей ме?
Түркия Тұран жобасын екі бағытта дамытуды қолға алған сияқты.

7 тамызда Сауд Арабиясының Мекке қаласында Пәкістан, Сауд Арабиясы және Түркия арасында ресми түрде жаңа қорғаныс одағы құрылып, келісімге қол қойылғаны белгілі.
Халықаралық ақпарат құралдары мен сарапшылар арасында «Мекке бірлескен қорғаныс келісімі» (Mecca Joint Defence Agreement) деген атаумен белгілі болып отырған бұл келісім қазақ қоғамы арасында көптен бері айтылып жүрген «Тұран идеясына кері әсер етпей ме?» деген сұрақ туындатып отыр.
Осы мақсатта белгілі сарапшы Жанат Момынқұловқа жолығып, бірқатар сұрақтарға жауап алған едік.
— Жанат мырза, Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған және Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шәріп қол қойған құжаттың маңызы қандай?
— Әскери одақ Иранға қарсы ма, жоқ әлде Израильге қарсы ма құрылғаны жөнінде нақты ресми ақпарат жоқ. Қалай болғанда да, бұл үштік одақ Иран мен АҚШ-тың арасындағы соғыстың жанама немесе тікелей нәтижесі деп айтуға болады.
Бұл нені білдіреді? Америка осы аймақта бай араб мемлекеттерімен келісіп, қауіпсіздікке мұнай формуласы бойынша осы кезге дейін Таяу Шығыстың, ондағы Американың мүдделерін қорғап келген болатын. Иран соғысы осы тепе-теңдікті біраз бұзды деп айтуға болады. Америка бұдан кейін аймақта No1 қауіпсіздік провайдері ретінде болмайтын болады. Оның орнына аймақтағы елдердің қауіпсіздік жүйесіне, әскери мүмкіндіктеріне, қаржысына сүйенетін жаңа қауіпсіздік архитектурасы құрылып жатыр. Аймақтық қауіпсіздік дизайны деп айтуға болады.

Бұл одақтың құрылуының негізгі астарында Сауд Арабияның қауіпсіздігі жатыр. Иран Сауд Арабияның өзіне тікелей 2017 жылдан бастап, яғни қазірге дейін дрондар арқылы мұнай өңдеу зауыттарына, басқа да әлеуметтік нысаналарға зарарын тигізген болатын. Оған қоса бүйіріндегі хуситтерді де осы Сауд Арабияға, басқа да араб мемлекеттеріне қарсы қолданып отыр
— Кейбір сарапшылар бұл одақтың НАТО-ға балама болатынын айтып жатыр. Бұл туралы не айтасыз? Жалпы аталмыш одақтың болашағы қандай болмақ?
— Иә, НАТО-ның бесінші бабына жақын бір келісім болғанын айтуымыз керек. Бірақ бұл іс жүзінде іске аса ма, яғни нақты Сауд Арабияға немесе Түркияға немесе Пәкістанға бір мемлекет немесе мемлекеттік емес факторлар, хуситтер сияқты қауіп төндірген жағдайда бұлардың барлығы бірге жауап бере ала ма деген сұрақ туындайды. Бірақ ол ашық сұрақ болып қалып отыр.
Жалпы одаққа қатысты бірнеше көзқарас бар. Бір көзқарас бойынша, бұл жеме-жемге келген кезде өз-өзін қорғай алмайтын формалды Мекке келісімі деп атайды. Ал менің өзімнің ойымша, реалистік тұрғыдан келген кезде бұл босқа құрылған жоқ. Бұл расында да аймақтың қауіпсіздігін аймақтағы ірі мемлекеттер, ірі аймақтық державалар қорғайды деген сөз. Трамптың да бұл жаңадан құрылған осы платформа туралы оң көзқарас білдіруі және бұны өте маңызды, яғни қажетті ұйым деп бағалауы, бұл көп дүниені білдіреді.
Бірден айтайын, НАТО-ға балама бола алмайды, өйткені Түркия НАТО-дан шығайын деп жатқан жоқ. Бұл НАТО-ға ұқсас, НАТО-ның бесінші бабын, мына сүйенетін және де бір елге жасалған шабуыл, қалған елдерге де жасалған шабуыл болып саналатын болады. Бұл тек қана Таяу Шығыста ғана емес, басқа да аймақтарға да әсер ететін үлкен бір оқиға. Бұл жөнінде екі көзқарас бар. Біреуі бұл оқиғаның мәні кішірей деп айтады, формалды.
Екіншісі шын мәнінде соғыс жағдайында Сауд Арабияға хуситтер тиіскен жағдайда тиісті де, өткен апталарда бірақ ол ештеңе болған жоқ деген сияқты. Бірақ бұл үш мемлекет қазір осы әскери құрылымның негізгі заңнамасын, негізгі ережелерін, одан кейін институционалды тірек механизмдерін, мысалы, бүкілпарлау, Сыртқы істер министрлігі және де Қорғаныс министрліктерінің орталық командованияларының консультативті және де бір-бірімен келісетін тұстары өте көп. Бұл бойынша жұмыс жасап жатыр. Меккеде құрылатын бас офисі осы араб елдерінің негізгі мұнайлы бай елдерінің қауіпсіздігіне жауап беретін болады.
— Одаққа басқа мемлекеттер қосылуы мүмкін бе?
— Бұған болашақта Мысыр қазір қосылу жағдайында, одан кейін Катар, Кувейт, бәлкім Бахрейн немесе Иордания немесе басқа да мемлекеттерді атауға болады. Кейбір сарапшылар Малайзия, Индонезия, басқа да елдерді атап жатыр. Бірақ қалай болғанда да, бұл сүнни блогы ретінде құрылып отыр. Бірақ ол шынайы мағынасында дінге сүйенген немесе Иранға қарсы сүнни бір блок деп айту ерте. Өйткені мына құжаттарда, қазіргі дейін жарияланған құжаттарда, ақпаратта бұның бір дінге негізделген одақ еместігі айтылады. Бұл біріншіден Израильге де қарсы емес, Иранға да қарсы емес болып көрінгенімен, бірақ сол Иранның өктем, осы Сауд Арабияға қарсы өктем саясатының нәтижесінде құрылып отыр. Және Израильдің де аймақта мазасыздықты және де тұрақсыздықты арттыруына жауап ретінде шығып отыр. Енді Түркия мен Израильдің арасындағы қазіргі Сирияға байланысты басқа да ақпараттық алаңдағы шиеленістер, келесі кезек Түркия деген сияқты немесе түркиялықтар Хакан Фидан Мысыр, Катармен бірге Газада шешімді радикалдық қадамдарға барамыз деп қалды. Егер Израиль өзінің Газа бойынша міндеттемелерін орындамайтын болса, біз сондай ірі қадамға, радикалдық қадамға баруға мәжбүрміз деді. Бірақ бұл оқиғаның берік жағы, өйткені Түркияның НАТО мүшесі болуы, ол үлкен қақтығысқа Түркияның қалған екі одақтасымен ақылдаспай бара алмайтынын білдіреді. Бұл енді расында да ислам әлемі үшін өте маңызды. Бірақ ол исламистік бір фактке айналып кетпеуі керек. Яғни Түркияның идеологиясы бар, Пәкістанның идеологиясы бар, Сауд Арабияның ішіндегі діни топтардың ықпалы бар. Бұл үлкен бір сүнни блок болмайды деп ойлаймын. Бірақ дін факторын да есепке алуымыз керек. Өйткені Меккеде қол қойылды.
— Жаңа одақтың құрылуы бұған дейін айтылып жүрген Тұран идеясына кері әсер етпей ме?
— Ердоғанның қандай тұлға екенін білеміз, Пәкістанның қандай мемлекет екенін білеміз. Бұл Қытай үшін тиімді болуы мүмкін. Өйткені Американың аймақтағы қауіпсіздік провайдері ретіндегі рөлі әлсіреді. Оны Иранға қарсы соғыста және Иранның араб елдеріне жасаған шабуылы кезінде араб елдері Американың көмегін күтті, бірақ толық мағынада қорғай алмады өздерін. Ал енді осы үш мемлекеттің жақындасуы Тұран жобасымен қаншалықты байланысты дегенге келсек, еш байланысты деп айта алмаймыз. Өйткені Түркия, Ұлыбритания, айталық НАТО, Еуропа немесе Америка үшін қауіпсіздік тұрғысынан өте маңызды мемлекет. КСРО кезінде солай болған. Қазір де ол солай болуы мүмкін. Кавказда, Орталық Азияда және де Таяу Шығыста, Жерорта теңізі аймағында Түркияның рөлі маңызды. Және осы жақындағы Түркиядағы НАТО саммитінен кейін осындай шешім қабылдануы кездейсоқ емес.
Түркия, Батыс Британия үшін маңызды бір қауіпсіздік, әскери үлкен бір армия. Түркия, Пәкістан сияқты қара әскер, құрлық әскері бар. Сондықтан да болашақ соғыстарда, Еуразияда болатын соғыстарда бұл екі мемлекет кілт рөл ойнайтын болады. Әрі мұсылман ретінде, әрі түркі әлеміне жаһандық ретінде. Пәкістан да түркі әлеміне кетер емес. Олар да өздерінің сол түркілердің құрған, моғол, яғни Ақсақ Темірдің ұрпақтары, бабырлар құрған үлкен мемлекеттің бір ұшпағы деп айтуға болады. Ядролық держава. Сауд Арабияның қаржысы маңызды. Бірақ біздің Тұран тұрғысынан алған кезде Түркияның екі жобасы болатынға ұқсайды. Біріншісі ол Таяу Шығыста, екіншісі ол Еуразиялық, яғни біз Тұран деп отырған түркі мемлекеттері әлемінің шығыс пен батысты жалғайтын жібек жолы рөлі және де мына Транскаспий минералды ресурстар Еуропа мен Қытайдың арасындағы маңызды рөл ойнауы мүмкін Түркия. Өйткені қазіргі шиеленістер, әскери шиеленіс жағдайында нақты тәжірибелі, соғысатын әскерге ие болу геосаясатты өзгертетін фактордың бірі. Оны қазір осы Түркия сияқты мемлекеттер көрсете алады деп мен ойлаймын. Қарабақта, Ливияда, басқа да аймақтарда Түркия өзінің қауқарын көрсетті. Және де Сауд Арабиясы Түркияның қорғауына кірді деп айтуға болады. Яғни бұрынғы не Осман жобаларының қайтадан жаңғыруы болуы мүмкін.
Ал біздің аймаққа келетін болсақ, ол жаңа жоба. Екеуі бір-бірімен байланыссыз деп айта алмаймыз. Екеуі байланысты. Өйткені бүкіл Түркі одағына келетін мемлекеттердің барлығы мұсылман мемлекеттер. Демек, оның араб қанаты, Таяу Шығыс қанаты және де Орталық Азия, Кавказ қанаты болады деген сөз. Бұған өте мән береміз. Және де Түркияға сондай рөл берілу ықтималдығы бар. Өйткені Иранның мына Ормуз бұғазында күшеюімен бірге және Американың оған әзірше ештеңе жасай алмауы, үлкен компания әскери атака жасай алмауы, ол осындай өзгерістерге алып келеді.
— Жалпы Тұран идеясының болашағы қандай? Миф емес пе?
— Және түркі мемлекеттер болашақта әскери-саяси қауіпсіздік ұйымы құрыла ма деген сұраққа келетін болсақ, менің өзімнің ойым белгілі. Мен Өзбекстан, Қазақстан және Әзірбайжанның үштік одағын ұсынып жүрмін. Кеше ғана Financial Times-та осы орта державалардың маңызы, осы үш мемлекеттің, Оман, Катар және Өзбекстан, Қазақстан, Әзірбайжанның орта держава ретіндегі рөлдері және олардың мына транзиттегі әртүрлі мына ірі мемлекеттермен көрші болу, географиялық орналасуы, экономикалық әлеуеті, логистика, транспорт жолдарында жатуы сияқты факторлар баса айтылды. Демек, түркі мемлекеттер одағы болашақта геосаяси күшке айналады деп Әлиевтің ойымен келісемін. Әзірбайжан президенті Әлиевтің ойымен. Бірақ енді Тоқаев осы жақында ғана түркі мемлекеттері үйіні әскери-саяси блок емес деп айтып қалды. Бұл орталық Азия үшін маңызды сигнал. Бірақ болашақта әлемдегі геосаяси жағдайдың қалай өзгеретінін біз білмейміз. Қандай қырғи-қабақ соғыс? Әлем екіге бөліне ме? Қытай және АҚШ тарапына жақын екі блокқа бөліне ме? Түркі мемлекеттері сол екі ортада нейтрал статусты сақтап қалатын үшінші бір блок бола ала ма? Немесе айталық нейтрал, бейтарап алаңға айнала ма? Ол да үлкен сұрақ. Және де Қытайдың, мысалы, бір жол-бір белдеу жобасының, ондағы ақша салынған инфрақұрылымның, жолдардың қауіпсіздігін кім қамтамасыз етеді деген тұста, әрине, түркі мемлекеттер одағы қаласа да, қаламаса да, осы Транскаспий, басқа да жобаларды өз әскерімен қорғау жағдайында болады. Яғни түркі мемлекеттер ұйымы болашақта әскери компонентті дамытатын болады.
Екіжақты қарым-қатынастар Түркия және Орталық Азия, Кавказ арқылы және де түркі мемлекеттер ұйымының аясында шектеулі осындай қауіпсіздік саласында, қорғаныс саласындағы консультациялар, басқа да кездесулер бола беретініне ұқсайды. Алдағы он жылда Еуразияда Түркия бастаған жаңа әскери-саяси күш орталығының пайда болу ықтималдығына келсек, ол Түркияның экономикасына байланысты, Түркияның ішкі саяси жағдайына байланысты. Түркияның ішкі саяси жағдайы Ердоғанның алдағы жылдарда өзінің ықпалын сақтауымен байланысты және биліктен кетуімен байланысты. Биологиялық фактор. Өйткені Ердоған бәрібір де кетеді. Оның орнына кім қалады деген сұрақ. Түркияның келбеті қалай болады? Түркия көбінесе қазір Таяу Шығысқа қарай көп интеграцияланған ел сияқты көрінеді. Бірақ шын мәнінде Түркия өзін Еуразияда көрсеткісі келеді. Түркия әсіресе ақпараттық алаңда өзінің мықты екенін осы жақын арада көрсетті. Пропаганда жағынан осы үштік одақтың құрылуы әлемдік деңгейде қатты талқыланып, осы Түркияның ақпараттық мүмкіндіктерімен де байланысты болды деп ойлаймын. Және сонымен қоса бұл Таяу Шығыс одағы НАТО ішінде және де Америка ішінде, Еуропа ішінде бір қалқан рөлін атқару ықтималдығы бар.
Сонымен қоса Еуразиядағы Қытай мен Ресейдің ортасындағы үлкен осылай аймақта түркі мемлекеттері әсіресе қауіпсіздік факторына қатты көңіл бөледі деп ойлаймын. Қорғаныс саласы, осы аймақтың тыныштығы. Әрине, түркі мемлекеттері өздері қорғайды. Әйтпесе ОДКБ немесе басқа да ШОС сияқты басқа да платформалардың жетегінде кету қаупі бар. Бұл жерде әрине, Түркияның маңызы өте зор.
— Тұран идеясы іске асты дейік. Ал ол жердегі Қазақстанның рөлі қандай болмақ?
— Тұран идеясын тым әсірелемеу қажет. Бірақ қалай болғанда да кішірейтіп айтпау да қажет. Өйткені Түркия расында да жемі-жемге келген кезде мәселені өзгерте алатын күшке айналып отыр. Ол Кавказда, ол Таяу Шығыста, Сирияда, ол Африкада, Ливия, Сомалиден бастап басқа аймақта Түркияның ықпалын туралы айтуымыз керек. Және сонымен қоса Түркияның осы түркі мемлекеттерімен әскери техниканы бірге өндіру бойынша, дрон технологиялары, жаңа соғыстың әдістерін игеру бойынша үлкен күш бола алу жағдайында. Ол үшін Түркия, Әзірбайжан және Өзбекстан, Қазақстан қарым-қатынастары өте маңызды. Мен жаңа айтып отырған үштік одағым осы. Әрі Каспий аймағын, әрі Орталық Азияны шынайы әскери жағдайда салмақты бола алатын түркі-мұсылман күштері ол Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан. Бұны біз идеология тұрғысынан емес, таза аймақтың қауіпсіздігі тұрғысынан қарап отырмыз. Қысқаша айтқан кезде Түркияның маңызы артты геосаясатта, әлемдік сахнада, Таяу Шығыста, Еуразияда.
Әсірелеудің қажеті жоқ дейтін себебім, Түркияның әскери компоненті барған сайын дамытылады. Өйткені оған сондай рөл берілген. Британия тарапынан, басқа да елдер тарапынан. Әзірше Қазақстанның Ибраһим келіссөздеріне мүше ел болғандықтан, біз ол ислами пактіге қосылуымыз әзірше ауалы алыс сияқты. Өйткені оның белгілі бір идеологиялық жүгі болмаса да, бірақ бір белгілі сыртқы бір формасы қазір қалыптасып келе жатыр. Бұл ұйым, одақ кеңейе беретініне ұқсайды. Және Таяу Шығыста Иранның рөлін шектейтін, Израильдің де рөлін шектейтін осы аймақтық елдердің өз қауіпсіздігіне жауап беруі өте үлкен сигналды Орталық Азияға жібереді. Өйткені Америка сияқты сырттан қанша үлкен әскери держава болса да, өзге аймақтардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайтын және оның орнына ірі одақтастарына, ірі күштерге қалдырғанын білдіреді. Сол сияқты біздің Еуразияда да Қазақстан сияқты, Әзірбайжан, Өзбекстан сияқты саясатта да, әскери салада да, дипломатияда да өзін дәлелдеген мемлекеттердің өз қауіпсіздігін өздері ғана қамтамасыз ете алатынын көрерге көзге көрсетіп беріп отыр. Таяу Шығыстағы жағдай, Орталық Азиядағы жағдайдың айнасы. Осы тұрғыдан келген кезде өте маңызды процестер болып жатыр. Және ол Орталық Азия үшін өте маңызды.



