
Сот қызмет барысында қаза тапқан 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс тікелей эфирден көрсетіледі. Бұл туралы Жоғары соттың баспасөз қызметі хабарлады.
«Жоғарғы Соты республика соттарының сот отырыстарын тікелей эфирде өткізу практикасын жалғастырады. ️2026 жылғы 18 тамызда, сағат 15:00-де фельдшер Ұлдана Мырзуанның қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі қазасы туралы іс бойынша сот процесі басталды.
Сот талқылауына қоғамдық қызығушылықтың артуын, сот процесіне қатысушылардың пікірін, сондай-ақ жәбірленуші тараптың өтінішхатын ескере отырып, сот осы іс бойынша ашық сот отырыстарын онлайн-трансляциялауды ұйымдастыруға қаулы етті», — делінген хабарламада.
Сот процесінің онлайн-трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-арнасынан көруге болады.
Іс Қылмыстық кодекстің 254-бабы 1-бөлігі «Міндеттеріне адал қарамау» бойынша жүргізіліп жатыр. Естеріңізде болса, 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан Астанада тұрғын үй ғимаратының қасбеті құлаған кезде зардап шеккендерге көмек көрсетем деп жүріп ауыр жарақат алған болатын. Ұлданамен бірге тағы бірнеше адам жарақат алды.
Ол он күн бойы жансақтау бөлімінде өмір үшін арпалысты. Дәрігерлер қолдан келген ем-домның бәрін жасағанымен, 2025 жылғы 18 қарашада 23 жастағы Ұлдана Мырзуан көз жұмды.



