Қоғам
Астанада Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты алғашқы сот отырысы басталды

Астана қалалық сотында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысы басталды.
Сот процесіне бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуына рұқсат берілді.
Іс Қылмыстық кодекстің 254-бабы 1-бөлігі «Міндеттеріне адал қарамау» бойынша жүргізіліп жатыр.
Естеріңізде болса, 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан Астанада тұрғын үй ғимаратының қасбеті құлаған кезде зардап шеккендерге көмек көрсетем деп жүріп ауыр жарақат алған болатын. Ұлданамен бірге тағы бірнеше адам жарақат алды.
Ол он күн бойы жансақтау бөлімінде өмір үшін арпалысты. Дәрігерлер қолдан келген ем-домның бәрін жасағанымен, 2025 жылғы 18 қарашада 23 жастағы Ұлдана Мырзуан көз жұмды.



