Оқиға
Тренд

«Қысқа дайындалған шөп өртеніп, елді мекенге жақындап келеді»: Қарқаралы ауданындағы дала өрті әлі ауыздықталмай жатыр

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы дала өрті әлі ауыздықталмай жатыр.

Өрт Жаңатоған ауылының маңында таралып жатыр. Елді мекенді қорғауға ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылған.

ТЖМ 08:00-дегі мәліметі бойынша Қарқаралы ауданының Жаңатоған ауылы маңындағы өрт аумағына аэровизуалды барлау жүргізілді.

«Барлау нәтижесінде жаңа ашық жану ошақтары анықталған жоқ. Елді мекендерге қауіп жоқ. Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жалғасуда, жағдайға тұрақты мониторинг жүргізілуде. Жағдай Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бақылауында», — делінген хабарламада.

Алайда Жаңатоғай (ауылының тұрғындары алаңдаулы. Олардың айтуынша, ауыл маңындағы табиғи өрт бірнеше күннен бері жалғасып, қысқа дайындалған шөп отқа оранып, елді мекенге жақындаған. Тұрғындар өртпен күресуге өздері де атсалысуға мәжбүр болған.

Журналист Керім Аянқызының жазуынша, ауылда өрт сөндіруге қажетті техника жеткіліксіз болып отыр.

– Біздің ауылға көмек керек!!! Ауылда өрт өршіп жатыр. Қажетті дұрыс техника жоқ. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Жаңатоған (Бейбітшілік) ауылы, – деп жазған ол өзінің парақшасында.

Өрт бірнеше күн бұрын басталған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қысқа малға деп дайындаған шөп өртеніп жатыр.

– Қанша адамның шөбі, қыстағы өртенді. Әрқайсымыздың әкеміз, туғандарымыз ауыл адамдары осы өртте жүр. Ауыл ішіне жақындап қалыпты, – делінген жазбада.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button