Мәдениет

«Жүрегіне ота жасалды»: Әріптесі әнші Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайы қалай екенін айтты

“МузАРТ” тобының әншісі Кенжебек Жанәбіловтың жүрегіне ота жасалды. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында жатыр. Мұны топ мүшесі Сәкен Майғазие желідегі парақшасында мәлімдеді.

Бұған дейін Кенжебек Жанәбіловтың денсаулығы күрт нашарлағаны хабарланған еді. Кейін әншіге кардиологиялық орталықта хирургиялық ем жасалған. Ота шамамен төрт сағатқа созылып, сәтті аяқталған.

Кенжебекке кеше кардиологиялық орталықта ота жасалып, төрт сағатқа созылған ем-шара сәтті өтті. Алла Тағала шипа берсін. Барша медицина қызметкерлеріне мың рақмет. Қолдарыңыз дерт көрмесін”, – деп жазды Сәкен Майғазиев.

Айта кетейік, бұған дейін Кенжебек Жанәбіловтің денсаулығы сыр бергені  хабарланған еді. Өнер иесі сол күні Шымкентте өтетін ән кешіне баруы керек болғанын, алайда жүрек қан тамырларының бітелуіне байланысты ауруханаға жеткізілгенін жазды. Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

stan.kz

Айта кетейікғ бұған дейінКенж

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button