Трамп Ормуз бұғазын АҚШ-тың аумағы деп жариялайтын болды

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды «түпкілікті жеңгеннен кейін» Парсы шығанағын Үнді мұхитымен жалғайтын Ормуз бұғазын «АҚШ аумағы» деп жариялайтынын айтты.
Нью-Йорк штатындағы полиция академиясында сөйлеген Трамп қазір бұғазды Иранды теңіз арқылы қоршауға алған АҚШ әскері бақылап отыр деп мәлімдеді. Ал Иран керісінше бұғазды өзі жауып отырғанын айтады. АҚШ пен Израиль ақпанның соңында Иранға соққы жасай бастағаннан бері Ормуз бұғазындағы кеме қатынасы айтарлықтай қиындаған.
Трамп Ормуз бұғазын «АҚШ аумағы» деп атағанда нақты нені меңзегенін түсіндірмеді. Бұған дейін ол Гренландия мен Панама каналын бақылауға алғысы келетінін айтып, Венесуэланы «АҚШ-тың 51-штаты» деп атаған.
Алайда бұл аумақтардың ешқайсысы АҚШ құрамына қосылған жоқ.
Азаттық радиосы



