Заң үстемдігі
Тренд

Заңгер Мейірман Шекеевтің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қазақстанның мемлекеттік тілі ретінде бекітілген қазақ тілін қорғағанымыз үшін осындай жағдайға тап болып отырмыз.

Заңгер Мейірман Шекеев өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп хабарлады tiek.kz.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған. Алайда әзірге тергеудің нақты қай бап бойынша жүргізіліп жатқаны және істің қандай негізде қозғалғаны белгісіз.

Заңгер бұл жағдайды әлеуметтік желідегі белсенділігімен және қазақ тілін қорғауға қатысты ұстанымымен байланыстырады.

Шекеевтің айтуынша, қылмыстық іс Алматы қаласының прокуратурасы жүргізген сараптама қорытындысынан кейін қозғалған.  «Біз ана тілімізді, яғни Қазақстанның мемлекеттік тілі ретінде бекітілген қазақ тілін қорғағанымыз үшін осындай жағдайға тап болып отырмыз», – деді Мейірман Шекеев.

Ол ешқашан заң бұзбағанын айтып, тіл мәселесі бойынша өз ұстанымын соңына дейін қорғауға дайын екенін айтады.

Сонымен қатар заңгер оқырмандарын әлеуметтік желілерде ұлтаралық араздыққа әкелуі мүмкін пікірлер жазбауға шақырды.

Әзірше құқық қорғау органдары бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button