Қоғам

«Біз білмейтін сұмдық көп екен»: Руслан Өтепбай марқұм Ұлдананың анасынан сұхбат алғанын хабарлады

Ұлдана Мырзуан — қызметтік міндетін атқару кезінде ауыр жарақат алып, бірнеше күннен кейін ауруханада көз жұмды.  

Журналист Руслан Өтепбай Астанаға барып, қызмет бабымен жүріп көз жұмған фельдшер  Ұлдананың анасынан арнайы сұхбат алғанын хабарлады. 

Бұл туралы ол Threads парақшасында жазды. Айтуынша, істе әлі ашылмаған жайттар мен біз білмейтін білмейтін сұмдықтар көп.

«Астанаға барып марқұм Ұлдананың анасынан сұхбат алып қайттым. Біз білмейтін шындық пен сұмдық өте көп екен», – деп жазды журналист.

Оның айтуынша, Әділет есімді азамат та сұхбат беруге уәде еткен. Алайда журналистің сөзінше, ол уәдесінде тұрмаған.

«Ал Әділет сұхбат беремін деп еді, уәдесінде тұрмады», – деді Руслан Өтепбай.

Журналист сұхбатты алдағы 1-2 күн ішінде YouTube арнасына жариялайтынын мәлімдеді.

Ұлдана Мырзуан — Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясында қызмет еткен 23 жастағы фельдшер. Ол 2025 жылдың қарашасында қызметтік міндетін атқару кезінде ауыр жарақат алып, бірнеше күннен кейін ауруханада көз жұмды.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button