«Өз анасын пышақтап, Вьетнамға қашып кеткен»: Сұмдық оқиға туралы тың дерек шықты (ВИДЕО)

Өз анасын пышақтап, кейін шетелге бой тасалаған күдікті Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды.
Бас прокуратура, ІІМ-нің Интерпол Ұлттық орталық бюросы мен Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігі бірлесіп жүргізген жедел операциясының нәтижесінде, қаскөй маусым айында Дананг қаласында ұсталды.
Тергеу деректеріне сүйенсек, оқиға былтырғы жылдың қараша айында орын алған. Ішімдікке сылқия мас болған ер адам өз үйінде жанжал шығарып, анасына бірнеше мәрте пышақ жарақатын салып, одан кейін оқиға орнынан тайып тұрған. Осы сұмдық қылмысты жасады деген күдікпен оған халықаралық іздеу жарияланып, қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына оқшауланды.
Іске қатысты ҚР Бас прокуратурасының өкілі Саян Әбденов: «ҚР Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол ҰОБ-сы қызметкерлері Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы елшілігінің жәрдемдесуімен, аталған елден денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапқа тарту мақсатында Қазақстан азаматы экстрадицияланды», – деп мәлімдеді.



