Jibek Joly телеарнасында Құрылтай сайлауына қатысушылардың алғашқы командалық теледебат басталды
Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінде Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауына түсетін саяси партиялардың командалық пікірсайысы басталды.
Астанадағы «Қазмедиа орталығында» өтіп жатқан саяси доданың басты тақырыбы – «Заң мен тәртіп – Әділетті Қазақстанның негізі». Дебат басталар алдында қатысушыларды фойеде жақтастары күтіп алып, қолдау көрсетті.
Партиялардың сөз сөйлеу кезегі
Кеше өткен ашық жеребе қорытындысына сәйкес, партия командалары эфирде мынадай ретпен сөз сөйлейді:
-
«Ақ жол» – Бек-Мұхамед Жәукебаев және Ермек Әбілдин;
-
ОСДП – Лариса Ли және Нұрайнаш Камалова;
-
«Әділет» – Айжан Аймағанова және Мәди Мырзағараев;
-
Қазақстанның халық партиясы – Жандос Бидайбеков және Ирина Смирнова;
-
«Ауыл» – Жазира Сұлтанқұлова және Ерболат Саурықов;
-
«Байтақ» – Амалбек Өміртай және Алмат Тұртаев;
-
Respublica – Олжас Кұспеков және Динара Шүкіжанова.
Пікірсайыстың 4 кезеңі
Теледебат төрт негізгі бөлімнен тұрады. Әр кезеңнің өз талабы мен нақты уақыт шектеуі бар:
-
I кезең (Талдау): Қатысушылар қарсыластарының сайлауалды бағдарламаларына талдау жасайды. Әр партияға – 2,5 минут.
-
II кезең (Сұрақ-жауап): Партия өкілдері журналистер мен көрермендердің сұрақтарына жауап береді. Әр жауапқа – 90 секунд.
-
III кезең (Бетпе-бет): Қатысушылар қарсыластарына сұрақ қойып, өз ұстанымдарын дәлелдейді. Жауап беруге – 2 минут.
-
IV кезең (Уәде): Дебаттың қорытынды бөлімі. Партия өкілдері Құрылтайға сайланған жағдайда алдағы бес жылда атқаратын нақты жұмыстары бойынша сайлаушылар алдында жария міндеттеме алады.
Көрермендер қалай қатыса алады?
Тікелей эфир барысында телекөрермендер де саяси пікірталасқа белсенді қатыса алады. Партия өкілдеріне сұрақ қою үшін:
-
Экрандағы QR-кодты сканерлеңіз;
-
Немесе +7 700 101 40 00 WhatsApp нөміріне хабарлама жолдаңыз.
Сонымен қатар, Қазақстанның қоғамдық даму институты (ҚҚДИ) ұйымдастырған «Қай саяси партия спикерінің сөзі сізге көбірек ұнады?» атты онлайн-сауалнама жүріп жатыр. Дауыс беру үшін смартфон камерасын экрандағы QR-кодқа бағыттау жеткілікті.
Тікелей эфирді мына платформалардан көре аласыздар:
-
Telegram: Jibek Joly TV Debate (@jibekjolydebate2026)
-
YouTube: Jibek Joly TV
-
Instagram: @jibek_joly.tv / @jibekjoly_news
-
Facebook: Jibek Joly
-
TikTok: Jibek Joly TV
-
Ресми сайт: Jibek Joly
(Тікелей эфирдің резервтік арнасы – Jibek Joly News)


