Заң үстемдігі

Шетелге ірі көлемде валюта алып кетпек болғандар ұсталды

ҰҚК Шекара қызметі ақша қаражатын елден заңсыз алып шығуға жол бермеу бағытында тұрақты түрде жұмыс жүргізіп отырады. Бірақ соған қарамастан, елден заңсыз ақша шығарау әрекеттері азаймай отыр.

ҰҚК баспасөз қызметі тек осы жылдың 1-10 тамызы аралығында өткізу пункттерінде осындай 70 әрекет анықталып, жалпы сомасы 645 млн теңгеден астам декларацияланбаған валюта анықталғанын хабарлады.

«Жамбыл облысындағы «Қордай» автомобиль өткізу пунктінде шекаралық бақылау барысында шетел азаматында киімінің астына жасырылған 70 000 АҚШ доллары (32 550 000 теңге баламасында) анықталды.
Көрсетілген фактілер бойынша материалдар процесcуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органға берілді», — делінген хабарламада.

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сомадан (10 мың АҚШ долларынан аспайтын) жоғары қолма-қол ақша қаражатын республика аумағынан тыс жерге алып шығуға тыйым салынатынын еске салады.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button