
Бүгінгі таңда Қазақстан ғылымды кеңінен танытып, жоғары білімді дамыту арқылы Орталық Азиядағы жетекші халықаралық білім беруорталығына айналып келеді. Еліміздің жоғары оқу орындарында 2025-2026 оқу жылында әлемнің 88 елінен келген 35 075 шетелдік студент білім алуда. Бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 11 пайызға жоғары көрсеткіш. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2029 жылға қарай еліміздебілім алатын шетелдік студенттер санын 100 мыңға жеткізу көзделіп отыр. Қазірдің өзінде Қазақстанда Cardiff University, Coventry University сияқты АҚШ, Оңтүстік Корея, Еуропа мен Қытайдың 30-дан астам беделді шетелдік университеттерінің филиалдары жұмыс істеп, отандық жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда.
Отандық білім сапасының артуы жас ғалымдар мен оқушылардың халықаралық аренадағы жарқын жеңістерінен де айқын көрінеді. Қазақстандық оқушылар төртінші жыл қатарынан халықаралық олимпиадаларда үздіктер қатарынан табылып, еліміздің мерейін үстем етіп келеді. Мәселен, Колумбияда өткен Халықаралық физика олимпиадасында ұлттық құрамамыз тарихта алғаш рет жалпыкомандалық есепте абсолютті чемпион атанып, бес бірдей алтын медальді қанжығасына байлады. Осылайша олар Қытай, Үндістан сияқты мықты мемлекеттерді басып озды. Литвадағы биология олимпиадасында 30 жыл бұрынғы рекорд жаңарып, оқушыларымыз математика, химия, география, экономика пәндерінен де жүлделі орындарға ие болды. Ал робототехникадан FIRST Global Challenge дүниежүзілік чемпионатындаҚазақстан төрт жыл қатарынан абсолютті әлем чемпионы атанған тарихтағы жалғыз мемлекеткеайналды. 2025-2026 оқу жылының өзінде оқушыларымыз 44 халықаралық жарысқа қатысып, 1059 медаль олжалады. Бұл өткен жылдарменсалыстырғанда екі есеге жуық жоғары нәтиже.
Бұндай толағай табыстар мемлекеттің мықты әрі жүйелі қолдауының арқасында ғана мүмкін болып отыр. 2022 жылдан бастап халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен оларды дайындаған ұстаздарға біржолғы үлкен ақшалай сыйақылар беріліп келеді. Алтын медаль иегерлеріне 1500 АЕК, күміске 1000 АЕК, ал қолаға 500 АЕК көлемінде қаржылай сыйақы қарастырылған. Сонымен қатар, жеңімпаздарға жоғары оқу орындарына гранттар бөлініп, 2025 жылдан бастап оларға «Болашақ» стипендиясыарқылы шетелде білім алу мүмкіндігі берілді. Биыл24 ұстазға алғаш рет «Құрмет» ордені мен «Шапағат», «Ерен еңбегі үшін» медальдарытабысталып, 101 миллион теңгеден астам сыйақы төленді. Бұл мемлекеттің ұстаз еңбегіне дегенүлкен құрметі.
Жас ғалымдар мен зерттеушілерді қолдаудың нақты әрі жарқын мысалы ретінде Астана қаласындағы №91 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Жәңгір Абуовтың жобасынайрықша атап өтуге болады. Ол адамның күнделікті суды қаншалықты тұтынатынын есептейтін «Су ізі» атты арнайы платформа әзірлеп шығарды. Жоба қарапайым мектеп қабырғасында басталғанымен, бүгінде Су ресурстарыминистрлігінің назарына ілігіп, үлкен қолдауға иеболды. Тіпті министрлік қызметкерлерінің өзі платформа арқылы тесттен өтіп, талдау жасауда. Жәңгір бұл бастаманың маңызы туралы:
«Жобаның басты мақсаты – адамдарды су ішуден немесе жуынудан шектеу емес, керісінше, табиғатты қорғау. Суды қалыпты норма шегіндеүнемдеу еш қиындық тудырмайды, бірақ бұлқоршаған ортаға өте зор үлес қосады. Министрліктің бізге басынан бастап мәліметтер беріп, үлкен қолдау көрсетуі мен үшін өте маңызды болды», – дейді.
Осындай жас таланттарымыздың ғылыми ізденістері мен мемлекеттің оларға жасап жатқан қамқорлығы еліміздің жарқын болашағының және ғылымның дамуының басты кепілі болып табылады.



