Интеллект дәуірі

«Алтыннан да қымбат достық»: «Balapan» арнасы ЖИ көмегімен жасалған анимациялық форматқа көше бастады

Балаларға арналған танымдық бағдарламалар мен арнаның ID-роликтері де ЖИ көмегімен әзірленіп жатыр.

«Balapan» телеарнасы корпорациясы «Асыл мұра» аудиожинағына енген таңдаулы халық ертегілері негізінде «Ертегілер» жобасын әзірлеген болатын.

Осы игі бастама жаңа бағытта дамып жатыр.  «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы Ернұр Бураханның айтуынша, осы бағдарлама негізінде жас авторлардың шығармалары жасанды интеллект көмегімен анимациялық форматта экранға жол тартпақ.

«Алғашқы туындылар балалар жазушысы Айбек Қосанның «Алтыннан да қымбат достық» және «Бұлақ неге жылады?» шығармаларының желісімен әзірленді. Бірі адалдық, сенім мен шынайы достықтың қадірін дәріптесе, екіншісі табиғатты аялауға үндейді. Осылай жаңа технологияны ұлттық мазмұнмен ұштастыруға тырысамыз. Балаларға арналған танымдық бағдарламалар мен арнаның ID-роликтері де ЖИ көмегімен әзірленіп жатыр», — дейді Ернұр Бурахан.

«Алтыннан да қымбат достық» — журналист әрі балалар жазушысы Айбек Қосанның 2026 жылдың мамыр айында жарық көрген заманауи тәрбиелік мәні терең балаларға арналған ертегі кітабы. Бұл туынды балалардың бойына адалдық, адамгершілік және шынайы достық құндылықтарын сіңіруді мақсат етеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Ернұр Бурахан (@burakhanye)

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button