Қоғам
Тренд

Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланатын күн белгілі болды

Биыл грант конкурсына қатысу үшін 127 мыңнан астам өтініш түскен.

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатынын хабарлады.

Биыл грант конкурсына қатысу үшін 127 мыңнан астам өтініш түскен.

Талапкерлер арасында «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», сондай-ақ «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттары ең көп сұранысқа ие болды.

Қабылдау науқанының қорытындысы бойынша аудармашы, дипломат, заңгер, психолог және педагог даярлайтын білім беру бағдарламалары бойынша бір грантқа шаққандағы бәсеке жоғары болады деп күтіліп отыр.

2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының қорытындылары 2026 жылғы 7 тамыз күні сағат 15:00-де жарияланады.

Грант иегерлерінің тізімі ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button