Әлем
Алаңда доп теуіп жүрген футболшыға найзағай түсіп, мерт болды

24 жастағы футболшы Таиландта матч барысында найзағай соғып, көз жұмды.
Тағы тоғыз ойыншы жарақат алды. Бұл туралы Bangkok Post басылымы хабарлады.
Қайғылы оқиға 4 тамыз күні Таиландтың Наратхиват провинциясында өткен Golok FA Cup 2026 аймақтық турнирі кезінде болды. Алаңда Таиланд пен Малайзия командалары кездесіп жатқан. Матч нөсер жаңбыр астында өткен.
Ойын барысында найзағай алаңның дәл ортасына түсіп, сол жерде тұрған футболшыларды соқты. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан жарқ еткен найзағайдан кейін бірнеше ойыншының бірден жерге құлағаны көрінеді.



