Қоғам

Семейде құрылыс алаңынан табылған адам сүйектері сегіз жыл бұрын жоғалған күзетшіге тиесілі болуы мүмкін

Семейде бүтін бір отбасы құрылыс алаңынан табылған адам сүйектеріне жан-жақты сараптама жасауды талап етуде. Себебі: Нүриденовтер әулеті адам қаңқаларының бірі әкесіне тиесілі болуы мүмкін деп күдіктенеді, деп хабарлады КТК арнасы.

«Сол жерден сүйек табылды дегеннен кейін, жоғалған жерінен сондай күдік болды. Бағана барып келді. Таңғы сегіз жарымға шақырған еді. «Сүйектер сарғайып кеткен» депті. «Болуы мүмкін емес деп айтты» дейді. Сонда да, сараптаманы тосамыз, бір-екі айда хабарласыңыздар деп айтты», – деді Меруерт Нұриденова.

Айдын Нүриденұлы сегіз жыл бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен. Қызының айтуынша, әкесі адам қаңқалары табылған «Пищевик» стадионында күзетші болып қызмет атқарған. Бір күні кезекшіліктен үйіне қайта оралмаған. Енді бала-шағасы табылған сүйектердің бірі әкесіне тиесілі болуы мүмкін деп күдіктеніп отыр. Дегенмен олардың бұл болжамы әзірге расталған жоқ. Өйткені полиция қызметкерлері сот-медициналық сараптамасының шешімін күтуде. Олар сүйек қаңқаларының қай уақытта жерленгенін және туыстық қатынастың бар-жоғын анықтайтынын алға тартты. Ал атқамінерлердің айтуынша, құрылыс жұмысы уақытша тоқтатылған жер телімінен ескі зират анықталмаған.

«Жекпе-жек сарайының құрлысын салу үшін жер телімін рәсімдеу жүргізілді. Аталған аумақта жерлеу орындары тіркелген жоқ. Содан кейін ары қарай жұмыс жалғастырылды», — дейді Абай облысы құрылыс басқармасы басшының орынбасары Мереке Мырамытов.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button