Мәдениет

Сабыржан асаба 33 жыл мал баққан қарияға 10 жылқы атап, елден кешірім сұрады

Сабыржан асаба 33 жыл мал баққан қарияға жылқы сыйлады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік желіде мәлімдеді.

“Аз да болса көптей көріңіз, Атау.

Жақын арада жеткізіп беремін бұйыртса. Бәріміз пендеміз ғой, періште көкте ғана.

Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын, Қазақ елім. Қатемді кешіріңіздер”, — деді ол.

Айта кетейік, Сабыржан асаба соңғы күндері қызу талқыланып жатыр.

Өзін «халал асаба» ретінде таныстыратын танымал асаба Сабыржан Түзелбаев соңғы күндері әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Бұған тойлардың бірінде айтқан әзілдері мен қонақтарға қарата сөйлеген сөздері себеп болды.

Желіде тараған бейнежазбаларда асабаның той қонақтарының мамандықтарына қатысты қалжыңдары көпшіліктің сынына ұшырады. Атап айтқанда, ол өрт сөндірушіге «Өрттің көп болсын» деп әзілдесе, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі туралы да мысқыл сөз айтқан. Сондай-ақ базарда қауын-қарбыз сататынын айтқан қонаққа қатысты әзілдері де әлеуметтік желі қолданушылары арасында наразылық туғызды. Көпшілік мұндай сөздер адамның еңбегі мен кәсібін келемеждеуге жататынын айтып, асабаның әрекетін сынға алды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button