Әлем

Никол Пашинян отставкаға кетті

Армения премьер-министрі Никол Пашинян бастаған үкімет отставкаға кетті. Бұл шешім ел парламентінің жаңа шақырылымы жұмысын бастауына байланысты қабылданған. 

Пашинянның мәлімдеуінше, Армения Конституциясына сәйкес жаңадан сайланған Ұлттық жиналыстың алғашқы сессиясы өткен күні үкімет өз өкілеттігін тоқтатып, отставкаға кетуге тиіс.

«Бүгін Армения Ұлттық жиналысының XIX шақырылымының отырысы басталды. Конституцияның 158-бабына сәйкес, жаңадан сайланған Ұлттық жиналыс жұмысын бастаған күні үкімет отставкаға кетеді», — деді Пашинян.

Сонымен қатар ол қазіргі үкіметтің отставкаға кетуі туралы құжатқа қол қойған. Құжат ел президенті Ваагн Хачатурянға қол қоюға жіберіледі.

Арменияның тоғызыншы шақырылымдағы Ұлттық жиналысының алғашқы отырысы 2 тамызда басталды. Осыған байланысты үкіметтің отставкасы конституциялық рәсім аясында жүзеге асырылып отыр.

Енді Армения президенті парламенттік көпшілік ұсынған кандидатты премьер-министр қызметіне тағайындайды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button