Әлем
Павел Дуровқа халықаралық іздеу жарияланды

Telegram негізін қалаушы Павел Дуровқа Ресейде халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлады tiek.kz.
Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі Павел Дуровқа Ресей Қылмыстық кодексінің 205.1-бабы («террористік қызметке жәрдемдесу») бойынша қылмыстық іс аясында айып тағылғанын мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, ол халықаралық іздеуге жарияланған.
Ресей билігінің мәліметінше, іс Telegram платформасы арқылы террористік қызметке ықпал етілді деген күдікке байланысты қозғалған. Ал Павел Дуров бұл айыптарды жоққа шығарып, оларды сөз бостандығы мен жеке өмір құпиясын шектеуге бағытталған саяси қысымның бір бөлігі деп бағалайды.



