АҚШ пен Сауд Арабиясы Ирактағы Иран қолдайтын террористік нысандарға соққы берді

28 шілдеде АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы мен Сауд Арабиясының қарулы күштері Ирак аумағында дәлдікпен соққы жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Нысанаға Иранмен байланысты террористік топтар алынды. Бұл топтарға АҚШ күштері мен Сауд Арабиясының энергетикалық инфрақұрылымына шабуыл жасауды Ислам революциялық гвардия корпусы (IRGC) тапсырған.
АҚШ пен Сауд Арабиясының әскери ұшақтары соңғы 72 сағат ішінде IRGC ұйымдастырған 30-дан астам дрондық шабуылға жауап ретінде Ирактың шығысындағы бірнеше террористік логистика және қару-жарақ нысандарын жойды.
АҚШ күштеріне қарсы жасалған негізсіз шабуылдар сәтсіз аяқталды.
Олардың мәліметінше, 2026 жылдың ақпан айынан сәуір айына дейін Иранмен байланысты террористік жасақтар Ирактағы АҚШ азаматтары мен нысандарына 600-ден астам рет шабуыл жасауға әрекеттенген.
АҚШ тарабы IRGC мен оған қарасты террористік топтар мұндай әрекеттерді тоқтатуы тиіс екенін, әйтпесе АҚШ тарапынан қосымша әскери жауап болатынын мәлімдеді.



