Әлем

Жапонияда күшті жер сілкінісінен мыңдаған үй жарықсыз қалып, жолдар бүлінді

28 шілде күні Жапонияның оңтүстігіндегі Кумамото префектурасында болған күшті жер сілкінісі салдарынан мыңдаған үй жарықсыз қалып, жолдар бүлінген, кемінде 50 адам жарақат алған.

Жер сілкінісі Кюсю аралында жергілікті уақыт бойынша сағат 16:27-де болған. Мамандар дүмпудің шкаласын 7,1 деп бағалады.

Жерасты дүмпулерінен кейін сауда орталығында жарылыс болып, бірнеше адам жарақат алған. Жер сілкінісі ғимараттар мен жолдарға зақым келтіріп, өртке себеп болған. Мыңдаған үй электр қуатынсыз қалды.

Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити билік өкілдері қирау көлемі мен зардап шеккендер санын әлі бағалап жатқанын мәлімдеді.  Ол бірқатар ауданда жарық өшіп, өрт шыққанын айтты. Кей тұста жолдар мен көпірлер зақымданып, кейбір ғимараттар қираған.

150 мыңнан астам тұрғынға эвакуациялық орталықтарға бару ұсынылды. Қатты дүмпулер сезілген аумақтарда қайталама жер сілкінісі қаупі туралы ескерту жасалды. Теміржол қатынасы тоқтатылып, Кумамото әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылды.

Медициналық көмекке шамамен 50 адам жүгінген.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button