Спорт
Тренд

Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы голын соқты (ВИДЕО)

Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы дебюттік голын соқты.

17 жастағы қазақстандық шабуылшы Лондон клубының негізгі құрамымен алғашқы матчын өткізіп, «Вестерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы жолдастық кездесудің алтыншы минутында есеп ашты.

Бұл – Сәтпаевтың «Челси» сапындағы алғашқы голы.

Сәтпаев – Қазақстан құрамасы тарихындағы ресми матчтарда гол соққан ең жас ойыншы. Сондай-ақ ол Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас футболшылардың бірі болып отыр. Ол «Челсиде» 36-нөмірмен өнер көрсетеді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button