«Әділет» тек миллионерлер жиналған партия ма?»: Рауан Кенжеханұлы алып-қашпа әңгімеге нүкте қойды

«Әділет» партиясы саяси кеңес бюросының мүшесі Рауан Кенжеханұлы «бұл партияда тек миллионерлер ғана жиналған деген» алып-қашпа әңгімеге қатысты ойын айтып, осы мәселеге нүкте қойды.
Яғни, подкастқа қонақ болған Рауан Кенжеханұлы жалпы партия «ірі ұжымдарды басқарып отырған азаматтарды тарта алса, бұл партия үшін үлкен олжа» болатынын айтып, бұл сөзінің себебін түсіндірді.
«Біріншіден, ол азаматтардың барлығы (халық миллионер депр жүрген – авт.,) үлкен шаруаның басындағы адамдар. Мысалы, Андрей Лаврентьев басқаратын Allur, «СарыарқаАвтоПром», «Qarmet» сияқты кәсіпорындарда жүз мыңнан астам адам жұмыс істейді. Әрине, сондай ірі кәсіпорындарды басқарып отырған адамдар өндірістің жағдайын да, экономиканы да, сол жердегі адамдардың тұрмыс-тіршілігін де жақсы біледі. Сол сияқты басқа да азаматтар бар. Біз үшін олардың білімі, жинаған тәжірибесі, үлкен ұжыммен жұмыс істеудегі тәжірибесі маңызды”, — дейді Рауан Кенжеханұлы.
Оның айтуынша, бұл тұлғалар партия бағдарламасын әзірлеуге де, партияның жұмыс тәсілдерін талқылауға қатысты да көп ұсынысын айтқан. Және де, «бұндай миллионерлер» партия жұмысына өздері ғана емес, бүкіл ұжымымен бірге араласып жатыр.
«Партия басқаша құрылмайды. Партия – идеясы, ұстанымы мен құндылықтары ортақ адамдардың бірлестігі. Егер өз қатарымызға ірі ұжымдарды, үлкен мекемелерді басқарып отырған азаматтарды тарта алсақ, бұл біз үшін үлкен олжа. Өйткені олардың соңынан сол мекемелердің ұжымдары да партия жұмысына белсенді араласып жатыр. Өзім басқаратын мекемеде төрт жүзге жуық адам еңбек етеді. Әрине, мен партия жұмысына араласа бастағаннан кейін олар да қызығушылық танытады”, — дейді Кенжеханұлы.
Әрине, Кенжеханұлының айтуынша, өз әріптестерінің өзі оған «Бұл қандай партия? Неге біздің басшымыз осы партияға қосылды? Мақсаты қандай? Қандай ұстанымы бар?» деген сұрақтар қояды.
«Осындай әңгімелерден кейін адамдар өз ұжымдарында партия туралы айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Соның арқасында партияға идеясымен, ұсынысымен нақты үлес қоса алатын азаматтар келе бастады. Алғашында олардың бір бөлігі делегат болды, кейін партия мүшелігіне өтті. Әрине, олардың саны аса көп емес. Бүгінде шамамен 700-800 мыңға жуық азамат партияға мүше болуға немесе оны қолдауға ниет білдірді. Соның ішінде сіз айтып отырғандай, бес-алты адам ғана қоғамға белгілі, ірі кәсіпкер немесе қаржылық мүмкіндігімен танылған азаматтар болуы мүмкін», — деді мәселеге нүкте қойған Кенжеханұлы.
Айта кетейік, Рауан Кенжеханұлы жуырда «4Власть» ютуб каналына сұхбат берген болатын.
Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.


